• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

23.09.2019 г.
В Нур-Султане пройдет Региональный семинар в рамках Программы обмена знаниями 2019 год в Евразии

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы Еуразияда Білім алмасу бағдарламасы шеңберіндегі өңірлік семинар өткізіледі

2019 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10-00-де «Rixos President Astana» мейманханасында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Корея Республикасы Экономика және қаржы министрлігімен бірге Еуразияда Білім алмасу бағдарламасы шеңберінде жылсайынғы өңірлік семинар өткізеді.   

Семинардың мақсаты – мемлекеттік және жеке сектор, бейкоммерциялық ұйымдар, зерттеу институттары, БАҚ өкілдері арасында іске асырылған Бағдарлама жобаларының нәтижелерімен алмасу.

Семинар барысында қолайлы инвестициялық орта құруға қажет заңнамалық базаны жетілдіру, сондай-ақ инвестицияларды жылжыту үшін стратегия әзірлеу мәселелерін қарау жоспарланып отыр.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?