• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

27.09.2019 г.
В Нур-Султане прошел пресс-тур по объектам АО «Астана-Теплотранзит»

«Нұр-Сұлтан қаласында «Астана-Теплотранзит» АҚ нысандары бойынша баспасөз туры өтті

«Астана-Транзит» АҚ инвестициялық бағдарламасы бойынша қаржыландырылған жылу жүйесі мен басқа да салынған және қайта құрылған нысандарына қалай қызмет көрсетілетіні туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Астана-Теплотранзит» АҚ-мен бірге ұйымдастырған баспасөз туры барысында баяндалды.

Кәсіпорын активтерін жаңғыртуда инвестициялық салымдарды игеруді көрнекі түрде көрсету мақсатында а.ж. 26 қыркүйекте ұйымдастырылған баспасөз турына Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Комитеттің аумақтық бөлімше, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Нұр Отан» партиясының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Баспасөз туры барысында Асан Дарбаев Нұр-Сұлтан қаласы бойынша табиғи монополия субьектілерінің тариф белгілеуіне қатысты жағдайды түсіндіріп, сондай-ақ тарифтің әр өсуі негізді және уәкілеттік берілген органмен келісілуі тиістігін хабарлады.  

«Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының құрылыс және күрделі жөндеу жөніндегі орынбасары Қ. Нұғыманов 2019-2020 жылғы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады.

Нұғымановтың айтуынша, «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның басты бағыты қаланың жылумен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету; жаңарту; негізгі құралдарды техникалық қайта жарақтандыру; қолданыстағы активтерді қолдау; оны тасымалдау кезінде жылу энергиясының шығынын төмендету; тозуды азайту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі бағдарламаны орындау.

Іс-шараға қатысушыларға жылумен жабдықтау нысандары мен жүргізіліп жатқан алдағы қыста жылумен уақтылы және сапалы қамтамасыз етуге арналған жұмыстар көрсетілді.

Баспасөз туры барысында ТМ – 21, 2Ду 500 мм (Т1,Т2) УТ-7 (21)-ден Жұбанов көшесіне дейін (Жұбанов-Сейфуллин павильонынан  тармақталу), 2Ду 65-100 мм Сейфуллин 26/1, 28, Желтоқсан 14, 16, 18 үй қайта жаңарту нысандары көрсетілді.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?