• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

25.09.2019 г.
В Нур-Султане прошел Региональный семинар в рамках программы обмена знаниями

Нұр-Сұлтан қаласында Білім алмасу бағдарламасы шеңберінде өңірлік семинар өткізілді

25 қыркүйекте «Rixos President Astana» қонақүйінде Еуразиядағы Білім алмасу бағдарламасы (KSP) шеңберінде жылсайынғы аймақтық семинар өткізілді. Бұл іс-шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Корея Республикасы Экономика және қаржы министрлігі бірге ұйымдастырды. 2004 жылы басталған KSP іс-шарасының негізгі ұйымдастырушысы – корейлік тарап.   

Корея Республикасының Экономика және қаржы министрлігінің Департамент директоры Куйсик Сух, ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары Б. Мәсербаева, сондай-ақ Кореяның Қазақстандағы елшісі Дае Сик Ким семинарға қатысушыларға арнап сөз сөйледі.

Сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Украина мен Въетнам өкілдері баяндама жасап, еркін экономикалық аймақты дамыту, бұл аймақтардағы заманауи интеграциялық процестер және шетелдік инвестиция тартуға неғұрлым қолайлы алғышарт құру, жаңа технологиялар мен қазіргі басқарушылық тәжірибе мәселелері бойынша көзқарастарын білдірді.

Семинар барысында түрлі ел өкілдері мемлекеттік және жеке сектор, коммерциялық емес ұйымдар, зерттеу институттары арасындағы іске асырылған Бағдарлама жобаларының нәтижелерімен алмасты. Инвестицияларды ілгерілету стратегиясы әзірленді. 

Семинарға қатысушылар жылсайынғы семинарда білім алмасу үшін KSP бағдарламасын жалғастырудың қажеттігін атап өтті.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?