• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

25.06.2019 г.
В  Нур-Султане состоялась пресс-конференция с участием Руслана Даленова

Нұр-Сұлтан қаласында Руслан Дәленовтің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді

Бүгін Үкімет үйінде баспасөз конференциясы өткізіліп, оның барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясының барысында ел азаматтарынан келіп түскен ұсыныстардың іс-қимыл жоспарын іске асыру шаралары туралы баяндады.

Баспасөз конференциясына, сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр қатысты.

Р. Дәленов хабарлағандай, Іс-қимыл жоспары министрліктің құзыретіндегі алуан түрлі мәселелерді қозғайды. Бұл дегеніміз табысты кәсіпкерлік, тиімді қаржылық жүйе, қуатты өңірлер, тиімді мемлекеттік басқару және серпінді экономика.

«Табысты кәсіпкерлікке арналған «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы қабылданады. «БЖК-2025» шеңберінде 30 мың жаңа жұмыс орны құрылып, салықтық түсім 1,3 трлн. теңгеге дейін ұлғаяды. ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесі 2025 жылы 35% болады», - деді Ұлттық экономика министрі.

Тиімді қаржылық жүйеге келсек, Р. Дәленовтің айтуынша, бизнесті қаржыландыру мен азаматтардың табыс көздерін қор нарығын дамыту арқылы ұлғайту жоспарлануда. Оның ішінде, азаматтар ұлттық компаниялардың IPO-сына белсенді түрде қатыстырылады.  

Сонымен бірге, Ұлттық экономика министрлігі басшысы биыл Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасы жасалатынын атап өтті. Онда әрбір өңірдің демографиясы, инфрақұрылымы жөніндегі болжам көрініс табады. 

«Біз мемлекеттік басқаруды жақсарту жұмыстарын тұрақты жүргізудеміз. Бірінші кезекте, бұл дегеніміз халық алдында бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы жөнінде есеп берушілікті арттыру», - деді Министр.  

«Серпінді экономиканың басты міндеті халықтың нақты табысының өсуі. Біз еңбек өнімділігін арттыру, шикізатсыз экспорттың өсуі бойынша шаралар қабылдаудамыз», - деді министр баспасөз конференциясы барысындағы баяндамасын аяқтай келіп.  

Баяндамадан соң, Руслан Дәленов журналистердің сауалдарына жауап берді.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?