• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

23.10.2017 г.
На 1 октября 2017 года по Госпрограмме «Нурлы жол» освоено порядка 314 млрд тенге - Сулейменов

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылғы 1 қазанға дейін 314 млрд теңге игерілді – Сүлейменов

Астана, 23 қазан – ҚР ҰЭМ. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов дүйсенбіде өткізілген үкімет отырысының барысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жылғы 9 айдағы қорытындысы бойынша жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына 2017 жылы 484,2 млрд. теңге бөлінген, оның 2017 жылғы 1 қазанға 313,7 млрд. теңгесі немесе қаржыландырудың жылдық жоспарының 65% игерілді», - деді Сүлейменов. 

Оның деректеріне қарағанда, республикалық маңыздағы 22 негізгі автожол жобаларын жүзеге асыруға ағымдағы жылы 259,8 млрд. теңге көзделген, оның ішінде қаржыландыру жоспары бойынша 2017 жылғы 1 қазанға 150,4 млрд. теңге бөлініп, ол толық көлемде игерілді (қаржыландырудың жылдық жоспарының 57%-ы).

Сонымен қатар, қосымша МНҰ-дан 96,4 млрд. теңге қарыз тартылған, оның бұл күні 27 млрд. теңгесі игерілді. Жалпы ағымдағы жылы 602 шақырым пайдалануға берілетін болады.

«2017 жылы Ұлттық қордың қаражаттары есебінен 109 білім беру нысандарының құрылысына (53-і-ауыспалы, 56-сы-жаңа) 71,7 млрд. теңге көзделген. Оның ішінде ағымдағы жылы 76 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті бюджетке 56,5 млрд.теңге аударылды, оның ішінде 53,7 млрд. теңге (95%) игерілді. 53 мектеп және 2 балабақша пайдалануға берілді», - деді министр.

Ол қыркүйектен қазанға дейін тек бір ғана мектеп пайдалануға берілгендігін атап өтті. «Бұл ретте, жылдың соңына дейін 21 мектептің құрылысын аяқтау қажет. Осы бағыт бойынша БҒМ өңірлермен бірлесіп, білім беру нысандарын пайдалануға беруді жеделдетуі қажет», - деді Сүлейменов. Ол сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарының жетіспейтін инфрақұрылымын жүргізуге Ұлттық қордың қаражатынан 10 млрд. теңге бөлінгендігін хабарлады. 9 айдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес, 10 млрд. теңгенің 4,4 млрд. теңгесі аударылды, оның 3,5 млрд. теңгесі игерілді.

«Министрлік өңірлермен бірлесіп, Қаржыландыру жоспарын қайта қарау бойынша жұмыс жүргізді және желтоқсан айына жоспарланған барлық қаржы қарашаға ауыстырылды. Бұл қаржының игерілмеу қаупін төмендетеді. Осыған байланысты, қалған 5,6 млрд. теңге, Қаржыландыру жоспарына сәйкес, ағымдағы жылғы қазанда да, қарашада да аударылады және жылдың аяғына дейін толық игерілетін болады», - деді министр.

Бүгінгі күні Ұлттық экономика министрлігі «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген Ұлттық қор қаражатының игерілмей қалу қаупін анықтау бойынша жұмыстар жүргізгендігін атап өту қажет.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?