• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

14.11.2019 г.
Межрегиональное сотрудничество должно быть флагманом и примером для остальных - Даленов в ходе конференции ЦАРЭС в Ташкенте

Өңіраралық ынтымақтастық қалғандары үшін үлгі болуы керек - Дәленов Ташкентте өткен ОААЭЫ конференциясында

Руслан Дәленов Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесі тұрақты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. БЭЖ сенімділігі толығымен қамтамасыз етілді, экономика мен халықтың электр қуатына сұранысы қанағаттандырылды.

 «1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда электр энергиясын өндіруді әр түрлі меншіктегі 148 электр станциялары жүзеге асырды», - деді министр Ташкентте өткен Орталық-Азиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі министрлер конференциясында.

Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, Руслан Дәленовтің айтуынша, халықаралық стандарттарға сәйкес санитарлық және фитосанитарлық шараларды енгізу және жүзеге асыру үшін іс-шараларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жұмыс тобы құрылды.

«Сондай-ақ, сауда саласында көп жұмыс жасалды. ОААЭЫ жұмысының бірі - ДСҰ-ға сауданы жеңілдету туралы келісімнің, саудадағы техникалық кедергілер туралы келісімдердің, ДСҰ-да санитарлық және фитосанитарлық шаралардың қолданылуын қолдау. Осы жұмыстың аясында сауданы жеңілдету жөніндегі ұлттық комитет құрылды», - деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.

«Жалпы алғанда, жаһандық экономикадағы қиындықтарды ескере отырып, өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуымыз керек және өсудің бірлескен нүктелерін іздеуіміз керек. Өңіраралық ынтымақтастық мұнда ең басты және қалғаны үшін үлгі болуы керек», - дейді Р.Дәленов.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?