• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

03.07.2019 г.

Ортақ тіл және өзге де мәселе: Нұр-Сұлтанда Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің экономика министрлері бас қосты

3 шілдеде Astana Finance Days шеңберінде Түркі кеңесіне мүше елдердің экономика министрлерінің тоғызыншы жиыны өткізілді.

Шараға Әзірбайжан Республикасы экономика министрінің орынбасары Сахиб Мамедов, Қырғыз Республикасы экономика министрінің орынбасары Эльдар Абакиров, Түркия Республикасы сауда министрінің орынбасары Риза Туна Турагай, Түркілік кеңес хатшылығы қатысты. Венгрияның атынан Кеңеске Венгрияның Қазақстан Республикасы елшілігінің істеріндегі уақытша сенімді өкілі Дороги Шандор қатысты. Сондай-ақ, Түркілік кеңеске мүше мемлекеттердің жоғары мәртебелі үкіметтік шенеуніктері мен елшіліктерінің өкілдері келді. 

Түркілік кеңестің бас хатшысы Багдад Амреев модераторы болған жиын шеңберінде делегация басшылары Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын, жақында құрылған Түркі сауда-өнеркәсіптік палатасымен байланысты және басқа да мәселелерді қарастырды.

Түркітілдес мемлекеттердің экономика министрлерінің бұл кездесуі елдер арасындағы экономикалық қатынастардың перспективаларын талқылау мүмкіндігін туғызып, сонымен қатар ТМЫК мемлекеттері басшыларының саммитінде қаралған ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің ортақ ұстанымдарын әзірлеуге арналған.

Багдад Амреев өз сөзінде атап өткендей, бұл ТМЫК мүше мемлекеттері ұйымдастырған тоғызыншы кездесу, түркітілдес мемлекеттердің саяси және сауда-экономикалық байланыстарын нығайтудың жоғары мүмкіндігі.   

«Кеңес жұмысы одан арғы әріптестіктің берік негізіне жол ашуы маңызды деп есептеймін», - деді Б.Амреев.

«Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы ТМЫК мүше мемлекеттері арасындағы стратегиялық әріптестіктің айқын платформасына айналуда. Біздің экономикалық бірлестіктің түрлі бағытындағы әріптестігіміз, ең бастысы, өзара тиімді сенімге негізделген. Прагматикалық әдісті тірек ете отырып, қатысушыларды аймақтағы экономикалық тұрақтылықты күшейту мен интеграциялық процестерді үйлестіруге шақырғым келеді. Біздің халқымыздың арасындағы тату көршілік пен туысқандық өзара қарым-қатынастарға сүйене отырып, келешекте Кеңестің диалог алаңында жоғары деңгейлі игіліктерге қол жеткізе аламыз», - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мадиев.     

Анықтама: ТМЫК экономика министрлерінің кездесуі жыл сайын өткізіледі. Келіссөздер күн тәртібін инвестициялық климатты жақсарту, экономикалық әртараптандыруды арттыру, сауда мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін қамтиды.

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге (ТМЫК немесе Түркілік кеңес) 2009 жылғы 3 қазанда Нахчыван қаласында (Әзірбайжан Республикасы) Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX Саммитінде қол қойылды.

Қазіргі уақытта ТМЫК мүшелері Әзірбайджан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркия, бақылаушы - Венгрия. ТМЫК Саммиті шешімдерінің орындалуын мониторингілеу қызметі, сондай-ақ кездесулерді жоғары және сарапшылық деңгейде әзірлеу және өткізу міндеті Стамбул қаласында (Түркия) штаб-пәтері орналасқан Ұйымның хатшылығына жүктелген.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?