• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

16.01.2020 г.
Негосударственные противопожарные службы будут усилены материальной базой: в Миннацэкономики состоялось заседание Экспертной группы по вопросам предпринимательства

Өртке қарсы қызметтің материалдық базасы күшейтіледі

16 қаңтарда ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама тобының  кезекті отырысы өтті. Онда реттеушілік әсерді талдау нәтижесі қаралғанын ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысқа сараптама тобының мүшелері, мүдделі  мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты.

Іс-шара реттеу саласындағы өзекті проблемаларға, сондай-ақ мыналарды енгізуге байланысты РӘТ нәтижелеріне  бағытталған:

- сәулет,  қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік лицензиялардың  жеделдігіне;

- патенттік сенім білдірілгендердің қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуге;

- түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау, дайындау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызмет түрлерін лицензиялауға;

- мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын қатаңдатуға.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысы азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндігіне байланысты материалдық базаны күшейту жөніндегі ұсыныстар қолдау тапты.

Кездесу соңында Сараптама тобының мүшелері құрылыс және патенттік сенім білдірілгендер саласының қызметін  қатаңдатудан бас тартуды  ұсынды.

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?