• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

19.06.2019 г.
Руслан Даленов провел отчетную встречу с населением в столице Казахстана

Руслан Дәленов Қазақстан астанасында халыққа есеп беру кездесуін өткізді

Өткен жылы ведомствода қандай жұмыстар атқарылып, 2019 жылға қандай негізгі міндеттер атқарылатыны туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің астаналық «Қазмедиа орталығындағы» халыққа есеп беру кездесуінде әңгімеленді.

Бейнеконференциялық байланыс арқылы өңірлер де бұл кездесуге куә болды.

Оған бірқатар орталық ведомстволар, көпшілік, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлер және БАҚ қатысты.

Кездесуді аша келіп, ҰЭМ басшысы бүгінде «экономиканы орташа әлемдік өсу қарқынынан жоғары және 30 алдыңғы қатарлы елдердің қатарына тұрақты жылжытуды қамтамасыз ететін» дамудың басым бағыттары белгіленгенін атап өтті. Бұл біздің жұмысымыздың сөзсіз бағыты. Біз алдымызға қойылған міндеттердің барлығын тиімді жүзеге асыруға ниеттіміз. Оның үстіне, 2018 жылдың қортындысы бойынша, негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері  бойынша өсу байқалып отыр.

«Экономикалық өсу 2018 жылы 4,1%. Ол өткен жылғы деңгейді қайталады. Мұны біз тұрақты өсу деп атаймыз. Өйткені ЖІӨ өсуі 2015 жылы 1,2%, 2016 жылы – 1,1%», - деді Дәленов.

Р.Дәленовтің айтуынша, қазіргі уақытта Министрлік баға және тариф, кәсіпкерлікті және өңірлерді дамыту секілді маңызды 3 бағыт бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне айрықша назар аударылуда.

Министрліктің деректері бойынша, өткен 3 жылда БЖК шеңберінде 247,1 млрд. теңге бөлінген. Нәтижесінде 13 мыңнан астам ШОБ жобасы қаржылай қолдауға ие болды. А.ж. тамызда жаңа Бизнестің жол картасы – 2025 қабылданады. БЖК-2025-те қаржылай қолдау құралдары жетілдіріле түседі.  

«Біздің өршіл мақсатымыз экономикадағы ШОБ үлесін 2025 жылы 35%-ке, 2050 жылы 50%-ке ұлғайту», - деді Министрлік басшысы.

Руслан Дәленов 2018 жылы баға индексі тұтастай 5,3% деңгейінде сақталды, азық-түлік тауары 5,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,4%-ке қымбаттағанын атап өтті.

«Бұл ретте жалпы инфляция дегеніміз еліміздегі 510 тауар мен көрсетілетін қызмет бағасының орташа өсу көрсеткіші екенін ескеру қажет. Кейбір тауар бағасының өзгеруі оның тұтыну себетіндегі үлесіне байланысты және ол үнемі инфляция көрсеткішімен дәл келе бермейді. Сондай-ақ әр өңірдегі бағаның өсуі де әртүрлі. Дербес себет, әсіресе, өңірлік аспектілердің есебінен барлық 510 тауар түрін қамти алмайды», - деді министр.

Табиғи монополия субъектілерінің қызмет тарифіне қатысты Министрлік өткен жылы коммуналдық қызмет тарифінің орташа жылдық өсуін 2017 жылғы 8,6%-тен 2,45%-ке дейін төмендетуге қол жеткізді. Мәселен, ыстық судың 2017 жылы  10,9%-тен 2018 жылы 2,2%-ке, электр энергиясы 5,0%-тен 1,1%-ке, газ – 11,4%-тен 2,7%-ке, жылу 9,9%-тен 2,6%-ке азайды.

Ағымдағы жылы тариф өсуі орта есеппен мүлде 2,4%-ке азайды. Мәселен, сумен жабдықтау саласында 8%, су тарту 6,6%, жылу 12,1%, газбен жабдықтау 8,8%, электрмен жабдықтау 7,7%.

«А.ж. 5 айда табиғи монополия және жер ресурстарын қорғау субъектілеріне 87 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Бүгінде 32 субъект 71,4 млн. теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын тоқтату туралы 39 ұйғарым енгізілді», - деп атап көрсетті Ұлтық экономика басшысы.

«Еліміздегі өңірлік саясат халықтың тұрып жатқан жеріне қарамастан бәсекеге қабілеттілігі мен тұрмыс сапасын артыруға бағытталған», - деді Дәленов.

Ұлттық экономика басшысы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 4 мыңнан астам маманға тұрғын үй алу үшін 13,7 млрд.теңгеге бюджеттік кредит берілгенін атап көрсетті.

2018 жылдан бастап 1062 аудандық маңызы бар қала мен халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық округте жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған  1 334 ауылда бюджеттің 4 деңгейін енгізу жоспарлануда.  

Ағымдағы жылы Министрлік елімізді аумақтық-кеңістіктік дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа болжамдық схемасын әзірлейді.

Р.Дәленовтің айтуынша, болжамдық схема өңірлерді дамыту стратегиясын айқындайды. Оның шеңберінде өңірлерді дамытудың 2030 жылға дейінгі демографиялық болжамы әзірленеді. Болжамдық схемада назар басқарылмалы урбандалу негізіндегі өсу нүктелерін дамытуға аударылады. Өңірлердегі өмір сүру сапасын қамтамасыз етудің өңірлік стандарттары белгіленеді.

Ауылдық аумақтарды дамыту өңірлер үшін аса маңызды. Осы мақсатта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы жүзеге асырылады.

Өз баяндамасын аяқтай келіп, Руслан Дәленов «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша келешегі зор ауылдарда әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым нысандарын жөндеу, салу және қайта құру мақсатты түрде орындалатынын атап өтті. Жоба кластерлік тәсіл арқылы іске асырылады.

Баяндамадан соң, Руслан Дәленов зала отырған азаматтардың, сондай-ақ ведомствоның электрондық поштасына хабарласқан өңір тұрғындарының саулдарына жауап берді.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?