• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

29.11.2019 г.
Руслан Даленов поздравил коллектив Миннацэкономики с Днем Первого Президента

Руслан Дәленов Ұлттық экономика министрлігі ұжымын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өткізілді.

Министр ведомство ұжымын біздің егемен мемлекетіміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Өзінің құттықтау сөзінде Руслан Дәленов еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның қалыптасуындағы айрықша рөлін атап өтті.

«Қазіргі Қазақстанның көптеген жетістіктеріне Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен көрегендігінің, батыл шешімдерінің арқасында қол жеткізілді. Оның басшылығымен біздің еліміз жаңа, жас мемлекет деңгейінен егемен, демократиялық әрі қарқынды дамудағы республикаға дейінгі күрделі жолдан өтті», - деп атап көрсетті Дәленов.  

Іс-шара ведомствода өзінің еңбек жолын бастаған жас мамандардың салтанатты ант қабылдауымен және «Нұр Отан» партиясының жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыстаумен аяқталды.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?