• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.07.2019 г.
Руслан Даленов поздравил коллектив Министерства национальной экономики с Днем столицы

Руслан Дәленов Ұлттық экономика министрлігінің ұжымын Астана күнімен құттықтады

ҚР ҰЭМ, 5 шілде. Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Астана күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Өзінің құттықтау сөзінде, Министр еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың қаланың жас мемлекеттің астанасы ретіндегі қалыптасуы мен дамуындағы маңызды рөлін атап өтті.

«Рекордтық мерзімде, екі онжылдықта, Есілдің жағасында бүгінде бүкіл әлем таныған қала бой көтерді. Бұл республикамыздың заманауи, ғылым мен білім, іскерлік орталығы, инвесторлар үшін тартымды, еліміздің экономикалық дамуындағы көшбасшы»- деді министр.

Салтанатты жиынның соңында еліміздің экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесімен, мемлекеттік қызметтегі қалтқысыз және мінсіз еңбегімен, кәсіби жоғары нәтижесімен көзге түскен қызметкерлерге марапат жасалды.

Министрлік қызметкерлері «Еңбек ардагері» медалімен, «Үздік мемлекеттік қызметші», «Заң саласының үздігі» төсбелгісімен, Министрдің атынан Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?