• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

04.10.2019 г.
Руслан Султанов назначен председателем правления АО «Институт экономических исследований»

Руслан Сұлтанов «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Сұлтанов Руслан Серікұлы уәкілетті органның бұйрығымен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бұдан бұрын ол «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қазақстан фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп өндірушілерінің қауымдастығы президенті болған.

Ұлттық экономика министрі жаңа төрағаны таныстыра келіп, институт алдындағы міндеттерді орындаудың маңыздылығын атап өтті. «Институттың қуатты ұжымы жаңа тәжірибелі басшылықтың арқасында алдағы сын-қатерлерді еңсере алатынына сенімдімін» деді ол.

Ведомство басшысы бұрынғы төрағасы Е.Н. Қаражанға атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді және оған сәттілік тіледі.

Руслан Сұлтанов Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және кредит» мамандығы және Executive MBA, сондай-ақ International Business School (Master of business administration MBA) бағдарламасы бойынша аяқтаған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институтында ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша тәжірибеге ие.

Түрлі жылдарда ҚР Қаржы министрлігінде жетекші және бас маман, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда саясатын және ДСҰ-ға кіруді дамыту департаментінде бөлім бастығы, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі, вице-президенті, президент/бас директоры қызметін атқарған.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?