• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

03.05.2018 г.
Т. Сулейменов: На сессиях АЭФ-2018 обсудят драйверы мировой экономики в новых условиях

Т. Сүлейменов: АЭФ-2018 сессияларында жаңа жағдайлардағы әлемдік экономика драйверлері талқыланады

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында АЭФ ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ХІ Астана экономикалық форумына дайындық барысы туралы айтып берді.

Тимур Сүлейменов Астана экономикалық форумының тақырыптары туралы айта отырып, 11 жаһандық сын-тегеурінді атап өтті.
«11 трек, яғни Астана экономикалық форумы пікірталастарының негізгі бағыттары әлемдік күн тәртібінің басым бөлігін қамтиды, әр трек аясындағы жекелеген сессиялар, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер осы негізгі сын-тегеуріндерді егжей-тегжейлі талқылауға және әрекет ету шараларын әзірлеуге арналады», — деді спикер.
Сонымен қатар Т. Сүлейменов өзі спикер ретінде қатысатын «Бірыңғай экономика әлемі» трегіне нақты тоқталып өтті.
ҚР ҰЭМ басшысының айтуынша, Мемлекет басшысының жариялаған Қазақстанның үшінші жаңғыруы Үкіметтің экономикалық өсімнің жаңа моделін құруға және еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы жұмысының негізі ретінде қабылданды. Бұл Қазақстан үшін өте ауқымды әрі өмірлік маңызды міндет. Дегенмен, аталған мақсаттарға әлемдік күн тәртібінен тыс қол жеткізу мүмкін емес.
Жаһандық жылыну, ресурстарды орнықты пайдалану, теңдестірілген халықаралық сауда және қауіпсіздік, мемлекетаралық ынтымақтастық секілді мәселелер барынша бірігуде талап етеді.
Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және жалпы сарапшылар орталары 2019 жылдан кейін әлемдік экономика өсімінің бәсеңдеуіне қатысты елеулі сын-тегеуріндер бар деген ортақ пікірде.
Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, алдағы 20 жылда ЭЫДҰ елдеріндегі жұмыс орындарының 57%-і автоматтандырылады. Бұл жұмыс күшінің көптеп босатылуына және осы елдердің экономикасы мен әлеуметтік жүйелері дайын емес құрылымдық жұмыссыздықтың түбегейлі ұлғаюына әкеледі.
«Мұндай жағдайларда әлемдік экономиканы қандай драйверлер жүргізеді? Осы және басқа да маңызды сұрақтарға Астана экономикалық форумының сессияларында жауап табуға тырысамыз», — деді спикер.
Т. Сүлейменов атап өткендей, форум тұтастай тақырыптық түрде өтеді.
«Қазақстандық ғалымдардың, саясаткерлердің әлемдік элитамен тақырыптық, қолданбалы мәселелерді тең деңгейде бағытты талқылауы – Астана форумының жаңа бейнесі деуге болады», — деп қорытындылады Т. Сүлейменов.
 

Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?