• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

27.04.2018 г.
Тимур Сулейменов представил коллективу МНЭ новых вице-министров

Тимур Сүлейменов ҰЭМ ұжымына жаңа вице-министрлерді таныстырды

Бүгін Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов министрлік ұжымына жаңа вице-министрлерді таныстырды.

Оларды таныстыра келіп, Тимур Сүлейменов Мәдина Жүнісбекованың алдында мемлекеттік органдар мен жобалық басқарудағы стратегиялық жоспарлау мен талдау, әлеуметтік саясат және даму мәселесіне жетекшілік ету міндеті тұрғандығын баяндады. Өз кезегінде, Дана Жүнісованың алдында халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда қызметі мәселесіне жетекшілік ету міндеті тұр.

Министр жаңа орынбасарлардың жинақтаған тәжірибесін, білімі мен кәсіби дағдысын қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін пайдаланатындығына сенім білдірді.

Жаңадан тағайындалған вице-министрлер Мәдина Жүнісбекова мен Дана Жүнісова басшылыққа сенімі үшін алғыс айтты және ел дамуы жолында алда жемісті жұмыс жасауға әзірлігін білдірді.

Мәдина Жүнісбекова Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі №218 қаулысымен Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

Дана Жүнісова Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі №219 қаулысымен Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?