• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

10.12.2019 г.
Турецкие инвесторы намерены участвовать в реализации новых промышленных проектов - Миннацэкономики

Түрік инвесторлары жаңа өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға қатысуға ниетті – Ұлттық экономика министрлігі

А.ж. 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бас атқарушы директор Гюмрах Аталай Мухаррем бастаған «Eczacibasi Holding» түрік холдингі делегациясымен кездесу өткізді.   

Келіссөздер уақытында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мен жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға баса назар аударылды.

Министрлік Қазақстанның «Eczacibasi Holding» холдингінің өнеркәсіптік жобаларды іске асыру қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті. «Құрметті шетелдік инвестор-2018» марапаты елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын ғана көрсетеді.

Әңгіме барысында түрік холдингінің өкілдері тұтыну тауарларын өндіру, геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды әзірлеу, өндіру және ұқсату жобаларын іске асыруға қызығушылық білдіріліп отырғаны туралы атап өтті.

Тараптар келіссөздердің өзара тиімді ынтымақтастыққа, екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге жаңа серпін беретініне сенімді.

Eczacibasi Holding – Түркияның 1942 жылы құрылған, әртараптандырылған жетекші өнеркәсіптік тобының бірі.   

Бүгінде Холдинг құрылымында 11,6 мың қызметкері бар 39 еншілес компания жылына 3,2 млрд. долл. жылдық түсіммен жұмыс істеуде.  


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?