• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

19.06.2019 г.
Даленов:  «Ауыл ел бесігі» дает мощный импульс возрождению села

ҰЭМ: «Ауыл – ел бесігі» ауылды түлетуге қуатты серпін береді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беру кездесуіне қортынды жасап, мемлекетік органның 2018 жылға арналған экономикалық нәтижелері туралы баяндады.

Министрлік қызметінің басым бағыты еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға, баға мен тарифті реттеуге, өңірлерді дамытуға арналған.

Министрдің айтуынша, 2018 жылғы экономикалық өсу 4,1%. Инфляция жоспарлы дәлізде.

Биыл бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесі 1,9%-тен 2,9%-ке немесе 92 млрд. теңгеге өсті.

Өткен 3 жылда БЖК шеңберінде 247,1 млрд. теңге бөлінген. Нәтижесінде 13 мыңнан астам ШОБ жобасы қаржылай қолдауға ие болды. Жылына 20 мың адам тұрақты негізде бизнес тұрғысындағы білімін жетілдіру тренингінен өткізіледі.   

«Біздің өршіл мақсатымыз экономикадағы ШОБ үлесін 2025 жылы 35%-ке, 2050 жылы 50%-ке ұлғайту. А.ж. тамызда жаңа Бизнестің жол картасы – 2025 қабылданады. БЖК-2025-те қаржылай қолдау құралдары жетілдіріле түседі», - деді Дәленов. 

Ол сондай-ақ Елбасының негізсіз көтерілген тарифтерді түсіру жөнінде берген тапсырмасын орындау үшін Министрлік қабылдаған түбегейлі шаралардың нәтижесінде коммуналдық қызмет тарифінің орташа жылдық өсуі орта есеппен 2,4%-ке төмендетілгенін атап өтті.

Өңірлерді дамыту туралы айта келіп, ведомство басшысы урбандалу, қалалық елді мекендерді орталық сумен жабдықтау деңгейінің өсуін атап көрсетті.

Ауылдарды дамытуға «Дипломмен ауылға» жобасы қуатты серпін береді. Ол бойынша 4 мыңнан астам маманға тұрғын үй алу үшін 13,7 млрд.теңгеге бюджеттік кредит берілді.

Ауылдар мен ауылдық елді мекендерді түлету белсенді жүргізілуде. Бұған сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу де әсер етуде. 2018 жылдан бастап 1062 аудандық маңызы бар қала мен халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық округте жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған  1 334 ауылда бюджеттің 4 деңгейін енгізу жоспарлануда. 

«Ағымдағы жылы біздің тарапымыздан елімізді аумақтық-кеңістіктік дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа болжамдық схемасы әзірленді.Болжамдық схема мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі құжаттарды орындаудың негізі. Бұл бірінші кезекте, Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» - деді Министр.

Бұл бағдарлама өңірлерді абаттандыру, халықты ауыз сумен және су тарту қызметімен тиімді және үнемді қамтамасыз ету міндетін шешіп, жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ахуалын жақсартуға арналады.

«...2025 жылы орталық сумен жабдықтау жүйесіне қалаларда 97%, ауылдарда 62%-ке дейін қол жеткізу артады. 4385 шақырым сумен жабдықтау және 616 шақырым су тарту желісі салынады» - деді Дәленов.

 Ауылдарды түлетуге «Ауыл – ел бесігі» жобасы да әсер етеді. Ол бойынша келешегі зор ауылдарда әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым нысандарын жөндеу, салу және қайта құру мақсатты түрде орындалмақ.

Ол сондай-ақ 2025 жылға қарай еліміздің урбандалу деңгейін 62%-ке және өңірлер арасындағы жан басына шаққандағы ІӨӨ алшақтығын 2,8 есе қысқартуға қол жеткізілетінін атап өтті.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?