• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.09.2019 г.
В МНЭ обсудили  8-й пакет законодательных инициатив  по улучшению позиций Казахстана в рейтинге «Doing Business»

ҰЭМ-де Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі позициясын жақсарту жөніндегі заңанамалық бастамалардың 8-пакеті талқыланды

А.ж. 4 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика министрлігінде вице-министр Жаслан Мәдиевтің  төрағалығымен Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі позициясын жақсарту жөніндегі заңанамалық бастамалардың 8-пакетін әзірлеу бойынша проблемалық мәселелер талқыланды. Жиынға Doing Business мәселесі бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ, «Реформатикс» компаниясының халықаралық сарапшы/өкілдері Давид Коберидзе мен Вахтанг Леджава, Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.С. Еңсебаев, Қазақстан Рсепубликасы Жоғары Сотының Таладу және жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Н.М. Мерманқұлов қатысты.

Кездесу барысында халықаралық консультанттар мен мемлекеттік орган өкілдері қазіргі жүйеге кедендік қызметтерге декларация тапсыру, кредиттік тарихты құрау секілді өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін өз ұсыныстарын жеткізді. Салық салу, жылжымайтын мүлік құқығы туралы және кәсіпорын құрылтайшылары туралы дерек беру мәселесі сөз болды.

Тұтастай алғанда, жоғарыда айтылған өзгерістер мен толықтырулардың заңнамалық бастамалардың 8-пакетіне енгізілуі еліміздегі бизнес жүргізудің жеңілдігіне алып келеді.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?