• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

17.10.2017 г.
МНЭ: Законодательные изменения позволили ускорить приватизацию объектов квазигосударственного сектора

ҰЭМ: Заңнамалық өзгерістер квазимемлекеттік сектор нысандарын жекешелендіруді жеделдетуге мүмкіндік берді

Астана, 17 қазан – ҚР ҰЭМ. Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сейсенбіде өткізілген үкімет отырысы барысында  жекешелендіру және мемлекеттік меншікте сақталатын ұйымдар тізімін қалыптастыру саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.  

Ол «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының активтерін бәсекелес ортаға беру үдерісін жеделдету және оның тиімділігін қамтамасызу ету мақсатында «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізілгенін атап өтті. Оның ішінде, «Самұрық-Қазына» Қорының ұсақ және орта активтерін сату тәсілдерін кеңейту бөлігіне өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңына республикалық меншік нысандарын жекешелендіруден, сондай-ақ ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен қаражатты Ұлттық қорға аударуды көздейтін түзетулер енгізілді.

Мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына жүргізілген меншікті түгендеу нәтижелері бойынша мемлекеттік меншікте және квазимемлекеттік секторда сақталатын, соңдай-ақ таратуға жататын ұйымдардың тізімі әзірленді.

Қаржы министрлігі түгендеу нәтижелерін бекіту бойынша Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу Ережесіне өзгертулер енгізді. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар Мемлекеттік мүлік тізілімінде әрбір ұйымға «мемлекеттік меншікте тұрақты/уақытша сақтау», «жою», «қайта ұйымдастыру», «жекешелендіру» мәртебесін беруде.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, одан әрі мемлекеттік меншікте сақталатын ұйымдар тізімі мемлекеттік-жекеше әріптестік және бәсекелес ортаның дамуына сәйкес қайта қаралатын болады.

Қабылданған шаралар квазимемлекеттік саладағы нысандарды жекешелендіру үдерісін заңнама арқылы жеделдетуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік меншікте сақталатын ұйымдарды ретке келтіру МЖӘ шеңберінде типтік келісімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?