• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

21.11.2019 г.
Глава Миннацэкономики провел единый день приема граждан

Ұлттық экономика министрлігі басшысы азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізді

Бүгін, 21 қарашада, република бойынша, «еститін мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілетудің бір қадамы ретінде, «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өткізілді.

Экономикалық ведомство басшысы Руслан Дәленовке консультация алу үшін 13 қазақстандық жазылғаны туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміз тұрғындары министрге өздерінің проблемаларын, ұсыныстары мен шағымдарын жеткізген. Олар – шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, электр энергиясы тарифінің қымбаттауы, газ жүргізу, «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік. Жұмыспен қамту мен материалдық көмек туралы да айтылды.

Атап айтқанда, Жамалбек Жеңісбек «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде жұмыс істейтін қала мен ауыл мұғалімінің еңбекақысының арасындағы алшақтық туралы білгісі келеді.

Ж.Жеңісбекке аталған жоба бойынша көтерме жәрдемақы (100 АЕК немесе 252 500 теңге) әлеуметтік қолдау мен тұрғын үйге бюджеттік кредит (1500 АЕК немесе 3 787 500 теңге) түрінде 15 жыл мерзімге жылдық 0,01% мөлшерлемемен әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ лауазымдық айлыққа 25%-тен кем емес үстемақы алу мүмкіндігі барлығына сендірді. Қалада мұндай әлеуметтік қолдау шарасы жоқ.

Мұның сыртында, жазбаша өтініштер де түскен. Мәселен, астана тұрғыны еңбекақыдан ұсталатын табыс салығы туралы мәселе көтерді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Руслан Дәленов бірқатар мәселені егжей-тегжейлі түсіндірді. Қосымша зерттеуді талап ететін материалдарды министр жеке бақылауына алды.

Іс-шара бірінші рет өткізіліп отыр. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бастамасымен іске асырылуда


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?