• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

06.06.2019 г.
В Миннацэкономики состоялась встреча  с инвесторами из Аризоны

Ұлттық экономика министрлігінде Аризона инвесторларымен кездесу өткізілді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Аризона (АҚШ) штатының инвестициялық-сауда миссиясы өкілдерімен кездесті. 6 адамнан тұратын  штат өкілдері Қазақстанға Палата спикері Р. Бауэрстің басқаруымен келген еді.   

Әңгімелесу кезінде миссия өкілдері Аризона инвесторларының тау-кен өнеркәсібіне, аэроғарыштық байланысқа, ауыл шаруашылығы мен білім беру саласына терең қызығушылық білдіретінін атап өтті.

Әр салаға, әсіресе, ауыл шаруашылығына озық технологияларды қолдануға болады. Себебі Аризона да Қазақстан секілді ауыл шаруашылығын ұқсас климат жағдайында (құрғақшылық, суармалы судың тапшылығы) дамытуда.

Сондай-ақ, білім саласындағы зерттеудің, қаржыландырудың мүмкіндігі бар жобалар ерекше қызығушылық туғызады.

5-13 маусымда миссия Шымкент, Түркістан, Алматы, Өскемен қалаларына баруды, маңызды атқарушы және заң шығарушы мемлекеттік орган өкілдерімен кездесуді жоспарлауда.

Аризона штатының инвестициялық-сауда миссиясының мақсаты Қазақстанмен экономикалық қатынастарды күшейту, штаттың Қазақстанға инвестициясын арттыру, технологиялар трансфертіне, өзара сауданы өсіру шараларына жәрдемдесу.

Ұлттық экономика министрі қазақстандық және америкалық кәсіпкерлердің арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды жолға қоюдың маңыздылығын айрықша атап көрсетті.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?