• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

06.12.2019 г.
В Миннацэкономики состоялось заседание Общественного совета

Ұлттық экономика министрлігінде Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

Ағымдағы жылғы 5 желтоқсанда Ұлттық экономика министрлігінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, оның күн тәртібінде ағымдағы кезеңдегі экономика саласындағы мәселелердің ауқымды кешені қаралды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сергей Симонов, Қазақстанның Салық төлеушілер қауымдастығы басқарма кеңесінің төрағасы Жаннат Ертілесова, «Қазақстанның экономистер қауымдастығы» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ораз Жандосов, Ұлттық блокчейн және криптотехнологияны дамыту қауымдастығының президенті Алан Дорджиев және Азаматтық қоғам өкілі Әділше Ермұханов, Арман Дунаев және Азамат Нұрмұхамбетов қатысты.

Қоғамдық кеңес мүшелері 2018 жылғы қорытынды бойынша бюджеттік бағдарламаларды орындау мен стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларына қол жеткізу нәтижелерін талқылады.

Сондай-ақ, Министрліктің 2020 жылға арналған бюджеттік бағдарлама және Стратегиялық жоспары жобаларының есебі талқыланды.

Отырыстың қорытындысында қатысушылар жалпы экономикалық жағдайдың оң динамикасын атап көрсетіп, қол жеткізілген қарқынды және экономиканың барлық сегменттерінің одан арғы өсуін сақтау бойынша бірқатар ұсыныстар берді.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?