• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

14.11.2019 г.
В Миннацэкономике обсудили вопросы развития института саморегулирования

Ұлттық экономика министрлігінде өзін-өзі реттеу институтын дамыту мәселелері талқыланды

14 қарашада астанада ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алаңында ведомстваның вице-министрі Жасұлан Мәдиевтің төрағалығымен өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзін-өзі реттеу жағдайын және өзін-өзі реттеу институтын одан әрі жетілдіру перспективаларын талқылау жөнінде кездесу өтті.

Вице-министр Мәдиев кездесуге қатысушыларды құттықтай отырып, 2020 жылға дейін кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының бір міндеті 2020 жылға қарай  екі пилоттық жоба жасау арқылы өзін-өзі реттеуді дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылатынын атап өтті.

Оның айтуы бойынша Кәсіпкерлік қызмет жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылыс саласында міндетті өзін өзі реттейтін экспорттық ұйымдарды енгізуді мақұлдады және  энергоаудиторлық қызмет саласындағы  міндетті өзін-өзі реттеуді енгізу мәселесі  алда  өтетін отырысқа енгізілетін болады.

«Осылайша, Тұжырымдамада қарастырылған  екі пилоттық жоба құру міндеті  бүгінгі күнде орындалды»,  - деп хабарлады экономикалық ведомства басшысының орынбасары.

Ашық диалог барысында «Атамекен»  ҰКП  мүшесі Рустам Жүрсінов «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық зерттеу институтынан консультанттар  тарту мүмкіндігін атап өтті.

Ж.Мәдиев Министрліктің өзіні-өзі реттеудегі ұзақ мерзімді перспективада өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері шығаратын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын арттыру жүйесін, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тұтынушылар алдындағы жауапкершіліктерін арттыру жүйесін құратынын атап өтті.

Іс-шараның қорытындылары бойынша тараптар  бизнеске қатысушыларды өзін-өзі реттеуге біріктіру үшін барлығына жемісті  кездесулер және сәтті жұмыс жасауды  тіледі.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?