• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

20.06.2019 г.
«Поэзия – әсемдікті мүсіндеу» -  в Миннацэкономики состоялся конкурс чтецов

Ұлттық экономика министрлігінде «Поэзия – әсемдікті мүсіндеу» атты конкурс өткізілді

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қатысқан «Поэзия – әсемдікті мүсіндеу» атты іс-шара өткізілді. Шара Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарының  6-тармағын орындау үшін ұйымдастырылды.

Конкурс барысында қатысушылар классиктер мен қазіргі заманғы авторлардың, сондай-ақ өздерінің шығармаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыды.

Конкурс қортындысында «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша Д.Амангелдиева, А. Амангельдыева, А. Қақатаева, Э. Смағұлова жоғары баллға ие болды (конкурс 5 баллдық шәкіл бойынша бағаланды).

Қатысқан көрермендердің көпшілік дауысымен Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің бас сарапшысы Э. Смағұлова «Үздік орындаушы» деп танылса, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Ішкі және электронды сауда секторының ассистенті Д. Амангелдиева, Ішкі аудит  департаменті Сәйкестік аудиті басқармасының сарапшысы А. Амангельдыева,     Статистика комитетінің сарапшысы А. Қақатаев Министрдің Алғыс хатпен марапаттау ұсынылды.

Министрліктің талантты, шығармашылық жарқын тұлғалар жиналатын конкурсты жыл сайын өткізу жоспарлануда.

Конкурс туралы егжей-тегжейлі ақпарат Ұлттық экономика министрлігі сайтындағы «Мемлекеттік тілді дамыту» кіші бөлімінде орналастырылған.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?