• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

11.10.2019 г.
В Миннацэкономики прошло заседание Рабочей группы Совета иностранных инвесторов

Ұлттық экономика министрлігінде Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс тобының отырысы өткізілді

2019 жылғы 11 қазанда Нұр-Сұлтанда Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс тобының бірлескен отырысы өткізілді. Оның күн тәртібі салықтық заңбұзушылықтарды қылмыс деп танымау мен кедендік заңнаманы жетілдірудің кешенді мәселелерінен тұрады.  

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, Жұмыс тобының қызметі бірінші кезекте, Қазақстандағы өз жобаларын іске асыратын инвесторларға қолайлы жағдай туғызу мен жүйелік проблемаларды шешуде аса маңызды.

Жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс тобы салық салу, кедендік реттеу, инвестицияларды ынталандыру мен көтермелеу саласындағы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.

Анықтама: Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстан Республикасы Президенті төрағалық ететін кеңестік-консультативтік орган. Ол 1998 жылы Үкімет пен шетелдік инвесторлар арасындағы еліміздегі инвестициялық қызмет пен инвестициялық ахуалды жақсартуға байланысты проблемалық мәселелерді шешу үшін тікелей диалогты қамтамасыз ету үшін құрылған. Кеңестің негізгі міндеті Қазақстан Президенті мен Үкіметінің қарауына енгізілген инвестициялық саясат пен еліміздің экономикалық дамуының өзекті аспектілері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?