• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

15.10.2019 г.

Ұлттық экономика министрлігінде тарифтік саясат жөніндегі Кеңестің бірінші отырысы өтті

2019 жылғы 15 қазанда астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың төрағалығымен Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшылығы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Отырыстың мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларының орындалуын, ТКШ саласындағы табиғи монополия субъектілерінің 2016-2018 жылдарға арналған тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларын талдау нәтижелерін, энергия өндіретін ұйымдар үшін тарифтердің өсуін, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тұрғындар үшін коммуналдық қызмет тарифінің артуын, сондай-ақ табиғи монополия саласындағы тарифтік реттеу мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияларды құруды талқылау.        

Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің төрағасы – экономикалық ведомство басшысы Руслан Дәленов кездесуге қатысушыларға арнап сөз сөйлей келіп, Елбасының Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау мәселесіне тоқталды. Елімізде халыққа арналған коммуналдық қызмет тарифі орташа есеппен 9%-ке (сумен жабдықтау 7,9%, су тарту 6%, жылумен жабдықтау 10,7%, электрмен жабдықтау 8%, газбен жабдықтау 7,4%) төмендеді.

ТКШ саласындағы табиғи монополия субъектілерінің 2016-2018 жылдарға арналған тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларын талдау нәтижелері туралы «Астана Су Арнасы» МКМ және «Астана – Теплотранзит» АҚ өкілдері баяндама жасады.

ТМРК төрағасының орынбасары Елена Ивченко ҚР Энергетика министрлігінің энергия өндіретін ұйымдар үшін тарифтерді өсіргенін жеткізді.

Қатысушылар ТМРК аумақтық бөлімшелері жанынан ТКШ саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тарифтік реттеу мәселелері бойынша комиссия құруға назар аударды. Оның құрамына облыстық мәслихат депутаттары, аумақтық органдардың және өзге мүдделі жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚР «Атамекен» ҰКП аумақтық өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, жұртшылық, қоғамдық бірлестік өкілдері мен табиғи монополия субъектілері кіреді.

Табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына және ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің ережелеріне сәйкес, Кеңес табиғи монополия саласында тариф белгілеудегі проблемалық мәселелер бойынша комиссия құруға құқылы.

ТМРК төрағасы Асан Дарбаев табиғи монополия субъектілерінің 2020 жылға арнап бекітілген инвестициялық бағдарламаларды іске асыруы шеңберінде орын алуы мүмкін тариф өзгерісімен Кеңес отырысына қатысушыларды қысқаша таныстырды.

Сондай-ақ, табиғи монополия субъектілері қызметі, олар көрсететін қызметтерге тариф белгілеу тәртібі, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мен бұл саланы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Кездесудің қорытындысы бойынша, Кеңес мүшелерінің ескертулерін есепке ала отырып, табиғи монополия субъектілерін реттеуді, тариф белгілеу мен инвестициялық міндеттемелерге мемлекеттік бақылауды жетілдіруге арналған ұсыныстар әзірленеді.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?