• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

21.09.2019 г.
Вице-министр национальной экономики Жаслан Мадиев:  «Опыт Индонезии в развитии экономики интересен для Казахстана»

Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев: «Индонезияның тәжірибесі Қазақстан үшін экономиканы дамытуда қызықты»

2019 жылғы 20 қыркүйекте Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев Индонезия Республикасы тәуелсіздігінің 74 жылдығына байланысты өткізілген қабылдауға қатысты.  

Ж. Мәдиев қабылдауда сөз сөйлей келіп, Қазақстан мен Индонезияны көпжылдық дипломатиялық қарым-қатынас байланыстыратынын хабарлады. «Қазақстан Индонезияны ұзақмерзімді сауда-экономикалық және инвестициялық әріптес ретінде таниды. Индонезия да Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орынға ие. Оның даму тәжірибесі біздің еліміздің ұлттық экономикасын дамыту ұсыныстарын әзірлеуде аса қызықты», - деді спикер.

Вице-министр өз сөзінде түрлі экономикалық салалардағы екіжақты өзара ынтымақтастық іс-қимылы кезінде, оның ішінде экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-индонезиялық бірлескен үкіметаралық комиссия шеңберінде айтарлықтай нәтижелермен бекітілгенін атап өтті.   

«Қазақстанның аумағында бірқатар индонезиялық компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Жетекші индонезиялық компаниялар Қазақстанның инвестициясына қызығушылық білдіруде», - деді Ж. Мәдиев.

Спикер сөзінің соңында, Индонезия халқын және барлық жиналған қонақтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстан мен Индонезия арасындағы достық пен өзара түсіністік қағидатында құрылған тығыз қатынастардың жалғастырылатынына сенім білдірді. 

2019 жылғы жеті айдағы екі ел арасындағы тауар айналымы 180,3 млн. АҚШ доллары (оның ішінде қазақстандық экспорт – 41,7 млн АҚШ доллары, импорт – 138,6 млн АҚШ доллары). Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғандағы көрсеткіштен 5,2 есе (34,9 млн. АҚШ доллары) жоғары.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?