• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

28.12.2017 г.
Novoe tamojennoe zakonodatelstvo pozvolit Kazahstanu maksimalno ispolzovat svoi tranzitnii i eksportnii potencial

Жаңа кедендік заңнама Қазақстанға өзінің транзиттік және экспорттық әлеуетін жоғары деңгейде пайдалануға мүмкіндік береді

Астана, 28 желтоқсан – ҚР ҰЭМ. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Бауырджан Бекешев желтоқсанда Мемлекет  басшысы қол қойған «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы келісімін ратификациялау туралы», «Кедендік реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі секілді Қазақстан Республикасының Заңдары туралы бейсенбіде Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген брифинг барысында баяндады.

Б.Бекешев қабылданған заңдардың негізгі мақсаты бизнеске әкімшілік жүктемені азайту болып табылатынын хабарлады.

«ЕАЭО Кедендік кодексі – Одақтың нормативтік-құқықтық базасының негізгі құжаттарының бірі. Ол Кедендік одақтың қолданыстағы Кеден кодексін және бірқатар халықаралық келісімдерді ауыстырады. ЕАЭО кодексі кедендік реттеу бойынша негізгі тәсілдерді қайта қарауға байланысты едәуір дәрежеде қайта әзірленді. Ұлттық заңнаманың құзыретіне 350-ден аса сілтемелік нормалар берілді. Осыған байланысты біздің тарапымыздан қолданыстағы ұлттық кедендік заңнаманы сәйкестікке келтіру жөніндегі жұмыстар атқарылды», - деді ҚР ҰЭМ өкілі.   

ҰЭМ өкілі өз сөзінде кедендік заңнаманың негізгі тұжырымдамалық жаңалығы кедендегі бизнес үдерістерді автоматтандыру, электрондық декларациялауға көшу және «бірыңғай терезе» тетігін енгізу; транзиттік әлеуетті дамыту, транзитті аяқтау мерзімін қысқарту, тексерулер өткізу, екі және одан да көп көлік түрімен тауар тасымалдау кезінде бір транзиттік декларация арқылы рәсімдеу мүмкіндігі (мультимодальдық тасымалдаулар) мақсатында кедендік операцияларды оңтайландыру; уәкілетті экономикалық операторлар үшін арнаулы, оның ішінде, жеңілдетулер пакетіне байланысты куәліктің үш түрі қарастырылған жеңілдетулерді кеңейту; «Постфактум» кедендік тазарту тәртібінде шығарылатын тауарлар тізбесін кеңейту болып табылатынын атап өтті.  

Сөзінің соңында Б.Бекешев жаңа кедендік заңнама Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін барынша пайдалануына мүмкіндік беретіндігін, сыртқы экономикалық қызметті жүргізуді оңайлататынын, сондай-ақ көбіне-көп отандық кәсіпкерлерді қорғайтынын және қолдау жасайтынын атап көрсетті. 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?