• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

13.09.2019 г.
Жаслан Мадиев, вице-министр национальной экономики МНЭ РК: «Машиностроение обеспечивает стабильность деятельности АПК, транспорта и других ключевых отраслей экономики»

Жаслан Мәдиев, ҚР ҰЭМ вице-министрі: «Машин жасау саласы АӨК қызметі, көлік және өзге де экономикалық маңызды салалардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді»

2019 жылғы 12 қыркүйекте VII Қазақстанның машина жасаушылар форумы шеңберінде «Жаңа уақыт жағдайындағы машина жасау саласын стратегиялық дамыту» тақырыбында панельдік сессия өткізіліп, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ж. Мәдиев сөз сөйледі.

Вице-министр сессияда сөз сөйлей келіп,  машина жасау саласының ел экономикасына қосатын үлесін атап өтті. «Машина жасау саласы агроөнеркәсіптік кешен, энергетикалық және металлургиялық сала, көлік және өзге де экономикадағы негізгі салалар қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді», - деді Ж. Мәдиев.

Спикер атап өткендей, машина жасау саласының тұрақты дамуы мен сенімді қызметі көбіне экономиканың энергия және материалдық сыйымдылығын, еңбек өнімділігін, өнеркәсіп өндірісінің экологиялық қауіпсіздігі деңгейін, ең ақыр аяғында, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін белгілейді.

«Қазақстандағы машина жасау саласы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі негізгі бағыт. Бұған дейін, елімізді индустрияландырудың бірінші кезеңі аясында машина жасау саласы мемлекеттік қолдау мен өсуді ынталандырудағы басым бағыттың бірі ретінде белгіленген болатын», - деді вице-министр Ж. Мәдиев.

Ұлттық экономика министрлігі өкілі өз сөзінде, сондай-ақ, ел экономикасында өңдеу өнеркәсібінің өсуіне әсер ету міндеті тұрғанын атап өтті. «Қазақстандық өңдеу өнеркәсібінің драйверлері металлургия, машина жасау, кокс пен мұнай өнімдері өндірісі» - деді спикер.

Вице-министрдің ақпаратына қарағанда, машина жасау өндірісі бойынша 4 өңір – Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласы көш бастап тұр. Бұл өңірлер өнеркәсіп жағынан дамыған, сол себепті машина жасау саласы да дамуда.

Сөзінің соңында, Ж. Мәдиев Форумға қатысушыларға қол қойылған міндеттерге жетуде табыстар тіледі.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?