• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

20.12.2019 г.
Итоги года молодежи: Что поменялось в проекте «С дипломом в село»

Жастар жылының қорытындылары: «Дипломмен ауылға» жобасы қалай өзгерді

Қазіргі уақытта елімізде көптеген маңызды жобалар іске асырылуда. Өткен жылғы қызықты бір бағыт – «Дипломмен ауылға» жобасы. Ол 2009 жылғы 1 шілдеде іске қосылды. Ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандары секілді қажетті ресурспен күшейту мақсатын көздейді.

Жоба іске асырылған күннен бастап, 60 мыңнан астам маман 7,4 млрд. теңге сомасындағы көтерме жәрдемақыға ие болды. 27,5 мыңнан аса маман тұрғын үй алу үшін 70,6 млрд. теңге сомасында бюджеттік кредит алды. 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, 4128 маманға тұрғын үй алу үшін жалпы сомасы 14,7 млрд. теңге бюджеттік кредит берілді. Ал 7565 маманға жалпы сомасы 1,5 млрд. теңге көтерме жәрдемақы берілген.

Мамандықтарға келсек, білім беру саласы көп сұранысқа ие, оған 42 745 адам (71,2%) тартылған. Екінші орында – денсаулық сақтау саласы. Оны 12 705 адам (21,2%) таңдаған. Одан әрі агроөнеркәсіптік кешен мамандығында 1 665 адам (2,8%) және мәдени салада 1 604 (2,7%) адам бар. Сұраныс бойынша соңғы орындағы спорт саласына 863 (1,4%) адам және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 483 (0,8%) адам барған. Бүгінгі күні жалпы қатысушының 74%-і - әйелдер.

Жоба мамандардың ауылдық елді мекендерге көптеп келуіне жол ашты. Жоба іске асырылғанға дейін жыл сайын ауылдарға 3 300-дей маман келсе, Жоба іске қосылған уақыттан бастап, бұл көрсеткіш жыл сайын 6 000 маманға артқан.

Ведомство Жобаның тиімділігін арттыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. Тұрғын үй алуға бюджеттік кредит мөлшері 630 АЕК-тен 1500 АЕК-ке (3 787 500 теңге) артып, қатысушылар тізімі кеңейтілді (ветеринария, кейіннен, агроөнеркәсіптік кешен мамандары кіргізілді), маманның міндеттемелерді орындау мерзімі 5-тен 3 жылға қысқартылды. Бұдан басқа, биыл ауылдық елді мекендерге тұру және жұмыс істеу үшін келген мамандар үшін жәрдемақы мөлшері 70 АЕК-тен (176 750 теңге) 100 АЕК-ке (252 500 теңге) ұлғайтылды.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?