• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

14.11.18 Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83 353

112 376

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті» РММ 060007 Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «б», телефон 8 (712) 232-42-56 электрондық мекенжайы: atyraustat@bk.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының бас маманы (С-О-5),                 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген статистикалық есептерді On-line бағдарламасында уақытылы және сапалы орындау. Е-қызмет, ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасай білу. Басқарманың істер номенклатурасын жасақтау және мұрағатқа жіберілетін құжаттарды дайындау. Еңбек статистикасы бойынша статистикалық есептілікті жинау, тексеру, бақылау, біржолғы есеп жүргізу және зерттеу. Әкімшілік дереккөздерге және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау (профилактикалық бақылау) жүргізу. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар кеңес ұйымдастыру. Респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Басқармада қалыптастырылатын жарияланымдарды уақытында және сапалы дайындау. Сұхбат жүргізушілердің сауалнамаларындағы деректерінің дұрыстығына тексеру жүргізу. Салалық каталогтарды үнемі жетілдіріп отыру. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ұйымдастыратын және басқа да өз саласына байланысты өткізілетін семинар, кеңестерге қатысу. Аудандық статистика басқармаларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. БАҚ-мен, мемлекеттік органдар және респонденттермен жұмыс істей білу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқарма басшысы болмаған жағдайда, оның қызметтік міндетін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

2. Құрманғазы ауданының статистика басқармасының бас маманы (С-О-5), 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Лауазымдық нұсқаулықта қаралған жұмыстарды және басшылықтың тапсырмаларын орындау. Статистикалық жұмыс жоспарында көзделген және басқарманың жұмыс жоспарында көрсетілген жұмыстарды орындау. Респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету, олардан алғашқы статистикалық деректерді жинау және тексеру, оқыту семинарларын өткізу. Статистикалық бизнес тіркелімді, ауыл шаруашылығындығы және тұрғын үй қоры тіркелімін  жаңғырту жұмыстарын қамтамасыз ету. Үй шаруашылығын іріктеп зерттеу бойынша сұхбат алушылардың жұмыстарын үйлестіру және қадағалау. Әкімшілік дереккөздерге және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау (профилактикалық бақылау) жүргізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясына талдау жасау. Жергілікті атқару органдары, бұқаралық ақпарат құралдары және респонденттермен жұмыс жасай білу, консультациялық көмек беру. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Статистика Департаментімен ұйымдастырылған семинар-кеңестеріне қатысу.  Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Басқарманың ішкі құжаттарының белгіленген талаптарына сәйкес іс-жүргізуді жүзеге асыру. Номенклатураға сәйкес істерді құру, құжаттарды сақтауға дайындау, үнемі сақталатын істердің тізімін құрастыру, уақытша сақталатын істерді жою актілерін дайындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқарма басшысы болмаған жағдайда оның қызметтік міндеттерін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, «Технология және техникалық ғылым» саласындағы мамандықтар бойынша: ақпаратты жүйелер, есептеу техникасы, бағдарламалық қамтамасыз ету. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы не «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «Б» мекенжайы бойынша Департаменттің ғимаратында өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

            Мені______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

            Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

            Қоса берілген құжаттар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

     

 

      ________                                                                    ____________________________________

      (қолы)                                                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

"___"_______________ 20 __ ж.