• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына пресс-релиз

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасында көзделген тәртіпте әзірленген.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа сәйкес қолданыстағы кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерінің мерзімі 2018 жылғы 12 тамызға дейін деп айқындалған.

Осыған байланысты Хаттамада қолданыстағы кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделіп отыр.

Заң әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарларға алып келмейді.

Заң қоса беріледі.

 

Орналастырылған: 08.02.2019
Жаңартылған: 19.02.2019