• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2015 жыл бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп

2015 жыл бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп

1. Жалпы ережелер

Сауда қызметін реттеу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер орталық деңгейде көрсетіледі.

Қызмет көрсетуші болып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті табылады (бұдан әрі – Департамент).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес сауда қызметін реттеу саласында жеке және заңды тұлғаларға 5 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі, оның ішінде 4 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

4 мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі, 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет – ақысыз.

4 мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық түрде, 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет – қағаз және (немесе) электрондық  түрде көрсетіледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 стандарты мен 5 регламенті бекітілген.        

2. Көрсетілетін қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушінің –www.economy.gov.kz интернет-ресурсында, «электрондық үкімет» веб-порталында» – www.egov.kz и www.elisense.kz, сондай-ақ бырынғай байланыс орталығында мемлекттік көрсетілетін қызмет сұрақтары жөнінде: 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Министрлікпен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 

2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығымен бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарының жария талқыланудан 2015 жылғы ақпан-наурыз айларында өткізілді. 

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процесстерін жетілдіру қызметі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процесстерін жетілдіру бойынша жұмыс 2014 жылы өткізілді. 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау

2015 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қызмет алушыларынан 1 шағым түскен, ол бойынша қарастыру мерзімі бұзылмаған. 

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің болашақ перспективалары тиімділігін көтеру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасымен  қызмет алушылардың қанағаттандырылуын көтеру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында Департаментпен лицензиялық бақылау және берілген рұқсат беру құжаттарының тізілімін жүргізу бойынша жұмыс атқарылады.