• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2016 жыл бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп

<--break->

2016 жыл бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп

1. Жалпы ережелер

Сауда қызметін реттеу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер орталық деңгейде көрсетіледі.

Қызмет көрсетуші болып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті табылады (бұдан әрі – Департамент).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес сауда қызметін реттеу саласында жеке және заңды тұлғаларға 5 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі, оның ішінде 4 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

4 мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі, 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет – ақысыз.

4 мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық түрде, 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет – қағаз және (немесе) электрондық  түрде көрсетіледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 стандарты мен 5 регламенті бекітілген.

2. Көрсетілетін қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушінің –www.economy.gov.kz интернет-ресурсында, «электрондық үкімет» веб-порталында» – www.egov.kz и www.elisense.kz, сондай-ақ Департамент қызметкерінің 74-92-55 телефоны арқылы және бірыңғай байланыс орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары жөнінде: 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Министрлікпен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығымен бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бұйрық жобаларын жария талқыланудан 2015 жылғы қаңтар айында және 2016 жылғы мамыр айында өткізілді.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процесстерін жетілдіру қызметі

Барлық мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілуіне сәйкес, мемлекеттік қызметтердің стандарттарына және регламенттеріне 2016 жылғы 26 қаңтардағы №29 және 2016 жылғы 26 ақпандағы №107 ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарымен өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, мемлекеттің қызметті көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күннен 10 күнтізбелік күнге қысқаруына байланысты, «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк қызметті оңтайландыруға сәйкес, Мемлекеттік қызметтің стандартына 2016 жылғы 20 маусымдағы №269 ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау

2016 жыл бойынша қарастыру барысында қарастыру мерзімі бұзылған қызмет алушылардан 3 шағым түскен.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің болашақ перспективалары тиімділігін көтеру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасымен  қызмет алушылардың қанағаттандырылуын көтеру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында Департаментпен лицензиялық бақылау және берілген рұқсат беру құжаттарының тізілімін жүргізу бойынша жұмыс атқарылады.