• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2016 жылдың қорытындысы бойынша Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының мониторингілеу бойынша қорытынды

I. Бағдарламалық құжаттың деректемелері

Құжаттың атауы – Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі  – мемлекеттік бағдарлама).

Құжаттың нөмірі мен күні – Қазақстан Республикасы Президентінің  2015 жылғы  6 сәуірдегі № 1030 жарлығы.

Әзірлеуші мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі. «

Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар: орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдар.

Іске асыру мерзімдері – 2015  – 2019 жылдар.

Есеп беру кезеңі – 2016 жылғы қаңтар – желтоқсан.

II. Есепті кезеңде, іс жүзінде қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен есепті кезеңдегі аралық мәні бар нәтижелердің көрсеткіштері 

Мемлекеттік бағдарламаның  негізгі мақсаты – Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін «шұғыла» қағидаты бойынша тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін интеграциялау жолымен бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыру.

Жалпы, Мемлекеттік бағдарламада 4 нысаналы индикатор және 28 нәтижелер көрсеткіші көзделген. Осы тікелей нәтижелер көрсеткіштерін іске асыру үшін Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 73 іс-шара көзделген.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жоспарланған 4 нысаналы индикатордың 2-уі бойынша жоспарлы мәнге мынандай себептер бойынша қол жеткізілген жоқ:

«ЖІӨ-нің болжанатын өсімін қамтамасыз ету» нысаналы индикатор  бойынша жоспар 102,2% болғанда, 2016 жылы елдің ЖІӨ өсімі 101,0% құрады. Әлемдік тауар нарықтарында бағаның құлдырауына және құбылмалы айырбас бағамына көшуіне байланысты, 2016 жыл экономикалық белсенділіктің төмендеуімен ұштасқан жаңа даму жағдайларына кезеңіне бейімделу айналды. Егер 2016 жылдың алғашқы 5 айы ішінде ЖІӨ-нің төмендеуі байқалса, онда 2-ші жартысынан бастап Мемлекеттік бағдарлама мен Дағдарысқа қарсы жоспар шеңберінде қабылданған шаралардың арқасында ЖІӨ-нің өсуі қайта жанданды.

«Базалық инфрақұрылым сапасы бойынша ДЭФ рейтингін жоғарылату» нысаналы индикаторы бойынша жоспар 60 орын болғанда, Қазақстан базалық инфрақұрылым сапасы бойынша ДЭФ рейтингісінде іс жүзінде 73 орынға иеленді.

Осы индикатор бойынша Казакстанның нашарлауының себептері мыналар болып табылады.

Жергілікті желілердің автожолдарына арналған алдын ала қаржыландырудың болмауы.

Алматы қаласының әуежайы терминалының жолаушыларға қызмет көрсетудің үлесі жоғары болған кезде (ҚР қызмет көрсетілген жолаушылардың жалпы санынан 60%) заманауи талаптарға толық емес сәйкес келмейді.

Орындалатын рейстер санының қысқару үрдісі жалпы экономикалық белсенділіктің төмендеуіне және халықаралық бағыттардағы билет құнының өсуіне байланысты.

Осы көрсеткіш бойынша рейтинг пікіртеру жолымен қалыптастырылады және субъективті сипатта емес екенің, атап өткен жөн.

Сонымен қатар, мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілді: «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың ЖІӨ өсіміне әсері» нысаналы индикаторы бойынша жоспар 0,87 пайыздық тармақ іс жүзінде 0,87 пайыздық тармақты құрады.

«Жұмыс орындарын құру» нысаналы индикаторы бойынша жоспар 95,0 мың жұмыс орны болғанда іс жүзінде 136,9 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 87,3 мыңы – уақытша жұмыс орны, 49,6 мыңы – тұрақты жұмыс орны.

Сонымен қатар, 28 тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің ішінен 2016 жылға жоспарлы мәндер 21 көрсеткіш бойынша көзделген, олардың 14 толық көлемде қол жеткізілді. Мынадай 7 тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілген жоқ:

1. «Боржақты – Ерсай учаскесі бойынша жүк тасымалдау» жоспар 2,4 млн. тонна болғанда іс жүзінде 0,3 млн. тоннаны құрды,  2016 жылы жүк тасымалдау бойынша жоспарлық мәнге қол жеткізбеу Құрық портында паромдық өткелдің құрылысын аяқталмауға байланысты (жоспар бойынша аяқтау – 2017 жылдың 4 тоқсаны).Сонымен қатар, 2016 жылы 15 тамызда жаңа теміржол желісі тұрақты пайдалануға берілді.

2. «Алматы-1 – Шу учаскесі бойынша тасымалдау қабілеті» көрсеткіші бойынша жоспар 25 млн. тонна болғанда іс жүзінде 19 млн. тонна құрады. 2016 жылы жүк тасымалдау бойынша жоспарлық мәнге қол жеткізлмеу екінші жолдар құрылысы толық аяқталмауға байланысты. Ағымдағы кезде бірінші іске қосу кешенінің құрылысы аяқталды (53,2 км).

3. «АЭА («ҰИМТ», «Қорғас-Шығыс қақпалары») аумағында кәсіпкерлер салған инвестиция лардың жалпы көлемі» көрсеткіші бойынша жоспар 437,9 млрд. теңге болғанда іс жүзінде 225,9 млрд. теңгені құрады.

4. «АЭА («ҰИМТ», «Қорғас-Шығыс қақпасы») аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі» көрсеткіші бойынша жоспар 13,3 млрд. теңге болғанда іс жүзінде 1,91 млрд. теңгені құрады.

Нәтижеге қол жеткізілмеу себебі стратегиялық инвестордың LG ChemLtd Полиэтилен өндіру жобасынан шығуы болып табылады. Сондай-ақ, себептердің бірі кредиторлардың бүкіл ($ 5 млрд АҚШ. доллары) сомасына кепілдік беру талабы болып табылады. LG Chem Ltd жоба бойынша қосымша тәуекелдерді қабылдаудан, сондай-ақ 2015 жылғы қараша – желтоқсанда «АЭА « ҰИМТ» инфрақұрылымын салу үшін қаражат алудан бас тартты, бұл жеке әріптестер тарапынан іске асырылатын жобаларға инвестициялар салуына ықпал етті, қазірге уақытта Chevron Phillips және SABIC компанияларымен келісім жүргізуліде.

Дербес жоба ретінде бутадиен жобасын іске асыру, нарық конъютурасының өзгеруіне байланысты неғұрлым мерзімге ауыстырылғанына атап өткен жөн( будатиен бағасының төмендеуі 2010 жылғы $4 000/тн-ден 2015 жылы $800/тн-ге дейін.

5. «Коммерциялық тұрғын үй үлескерлерінің салымдарына кепілдік беру («Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енген күннен бастап)» Көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ 2016 жылы 10 млрд. теңге есебінен 11,9 млрд. теңгеге кепілдік беру жоспарлануға байланысты. Қор құрылған сәттен бастап ( қазан 2016ж.) іс жүзінде 2,5 млрд. теңге сомаға 1 өтінім мақұлданды («Корпорация Базис-А» ЖШС). Кепілдік беру туралы шартқа қол қою рәсімін жүзеге асыруда.

6. «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау алған кәсіпкерлік субъектілері құрған жаңа жұмыс орындарының саны» бұл көрсеткішке есептік ақпарат мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес жыл сайын 15 маусымда  қалыптастырылатындықтан қол жеткізілген жоқ.

7. «Отандық өндірістің «Еврокоптер» тікұшақтарын сатып алушыларды («Қазавиақұтқару» АҚ ) лизингтік қаржыландыру» көрсеткіші бойынша ҰКБК-нің 2015 жылғы 28 тамыздағы (№ 01 - 9.3 хаттамасы) шешімімен бюджеттік және салалық заңнамаға, 10 млн.теңге көлеміндегі қаражат атап айтқанда бюджеттік ұйымдар үшін тікұшақ қызметі бойынша бірыңғай операторды анықтау бөлігінде өзгерістерді қабылдау мәселесін заңнамалық деңгейде мәселені пысықтамауға сондай-ақ 2015 жылы мемлекеттік немесе корпоративтік кепілдін түрінде қамтамасыз етуді ұсыну рәсімін аяқталмауна байланысты отандық автокөлік өндірушілерін қолдауға қайта бөлінуіне байланысты қол жеткізілген жоқ.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша 2016 жылы қол жеткізілген негізгі нәтижелер

Тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту шеңберінде «КИК» АҚ желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үй салу бойынша 2015 жылғы 1 қаңтарға әкімдіктерде кезекте тұрғандардың саны 307 962 адамды құрады. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 2016 жылы жалға берілетін тұрғын үймен қамтылуы жоспар 2,13% болғанда 2,13% құрады (есебі: 328155м2/50м2/307962 адам*100%).  

Сонымен бірге, 2016 жылғы 31 желтоқсанда жаңа «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын қабылдауға байланысты тұрғын үй құрылысы бойынша барлық мәселелер бұл Мемлекеттік бағдарламадан жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасына ауысты, осыған байланысты мемлекеттік бағждарламаға тиісті өзгерістер енгізілді және бұл көрсеткіш бағдарламадан алынып тасталды. «ТҮҚЖБ» АҚ желісі бойынша 2016 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен кредиттік тұрғын үй құрылысы арқылы 8 жоба іске асырылған  (жоспар 8 жоба ).

Іске асырылған 8 жоба бойынша 23,2 мың шаршы метр көлемінде жоспарланған пайдалануға беру, (жоспар 23,2 мың шаршы метр) жүзеге асырылды. Бұдан басқа 2016 жылға дейін қаржыландырған ауыспалы жобалар бойынша 186,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде республикалық бюджет қаражат есебінен – 82,7 мың шаршы метр, Ұлттық қор есебінен – 104,1 мың шаршы метр.

Іске асырылған іс шаралардың қорытындысы бойынша қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі арқылы сатылатын 3323 пәтер салынды. .

ТҮКШ инфрақұрылымын дамыту шеңберінде  480,2 км магистральдық және ішкі инженерлік желілер салынып, реконструкцияланды, оның ішінде 58,0 км жылумен жабдықтау, 319,5 км сумен жабдықтау және 102,7 км су бұру желілері.

Желілердің тозуы 2016 жылы 67%-дан 63%-ға дейін төмендеді,

2 619 178 абоненттер үшін қызмет көрсету сапасы жақсарды.

Экономикалық тиімділік – жылына 140 840 Гкал және 3 017 мың текше метр немесе 2,9 млрд.теңге.

Әлеуметтік инфрақұрлымды дамыту шеңберінде 2016 жылы елімізде 156 проблемалық мектеп (69 авариялық және 87 үш ауысымды) жұмыс істеді.

2017 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық қордан, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражат есебінен 103 мектеп пайдалануға берілді (56 авариялық мектептің орнына, 47 үш ауысымды оқытуды жоюға).

Осылайша 2014-2016 жылдары 186 мектептің проблемаcы шешілді.

III. Есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар саны

Жалпы Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 73 іс-шара жоспарланған, оның ішінде 2016 жылға 46 іс-шаралардың орындалуы жоспарланған, оның ішінде 38-і орындалды, 1-уі орындалмаған және 7-уі ішінара орындалмады:

Мыналар ішінара орындалды:

1Атырау арқылы Астраханьға шығатын Орталық – Батыс  «Астана – Ақтөбе – Мақат – Бейнеу – Ақтау» дәлізін реконструкциялау және жобалау-іздестіру жұмыстары» іс-шарасы бойынша  Ұлттық қор қаражаты есебінен Ақтөбе-Атырау учаскесінде 26 км реконструкциялау жүргізілді, Ақтөбе-Атырау-Астрахань учаскесінің 432 км жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар-Қандыағаш учаскесі бойынша әзірлеу жүргізілді.

Қарыздар есебінен ұзақтығы 170 км Шетпе-Ақтау учаскесінде реконструкциялау жүргізілді.

Ақтөбе-Атырау-Астрахан учаскесін реконструкциялауға АДБ және ИДБ қарыздарын тарту үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, оң экономикалық қорытынды алынды.

2017 жылы қарыз туралы келісімге қол қою және құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.

2.»Жетібай – Жаңаөзен» автожолын реконструкциялау және жобалау-іздестіру жұмыстары» іс-шарасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме пысықталды, оң экономикалық қорытынды алынды, Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен жобаны қарыз есебінен есебінен іске асыру мақұлданды. 2017 жылы қарыз туралы келісімге қол қою және құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. 

3. «Астана қ. Оңтүстік Батыс айналма жолын» салу және жобалау-іздестіру жұмыстары» іс-шарасы бойынша 25 км-ге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, құрылыс жұмыстарын 2017 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен бастау жоспарлануда.

4. «Үшарал – Достық» автожолын реконструкциялау және жобалау-іздестіру жұмыстары» іс-шарасы бойынша жобаны 2017 жылы республикалық бюджет қаражаттар есебінен бастау жоспарланып отыр.

5. ««Ұзынағаш – Отар» автожолын реконструкциялау» іс-шара бойынша 96 км-де жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, оң экономикалық қорытынды алынды, Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен жобаны қарыз есебінен іске асыру мақұлданды. 2017 жылы қарыз туралы келісімге қол қою және құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланды.

6. ««Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) – Майқапша ғай (ҚХР-ға шығу)» («Қалбатау-Майқапшағай» учаскесі) автожолын реконструкциялау және жобалау-іздестіру жұмыстары» іс-шарасы бойынша жобаны 2017 жылы республикалық бюджет қаражатвы есебінен бастау жоспарланды.

7. «2015 – 2017 жылдар аралығында ШОБ-ты қолдау үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан 155 млрд. теңгеден астам жалпы сомаға кредиттік желілерді тарту» іс шарасы бойынша «Даму қорының кепілдігімен ЕҚДБ-дан 2016 жылы шамамен 22,3 млрд. теңге тартылған. Сонымен қатар, 2016 жылғы 24 қарашада «Даму қоры мен ЕИБ 50 млн.еуро және 150 млн.еуро сомасына Қарыз алу туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта ЕИБ ҚРҰБ-мен РЕПО операциясының шарттарын талқылауда. Холдинг ЕИБ мен Холдинг арасындағы Кепілдік туралы келісім жобасын келісуді аяқтауда. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген Кепілдік туралы келісім ЕИБ мен Холдинг арасында РЕПО келісіміне қол қойылғаннан кейін ғана жасалуы мүмкін.

Орындалмаған:

1. «Құрылыста кем дегенде 10 % жұмыс орнымен және халықты жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарында, абаттандыруда  кем дегенде 15 %  қамтамасыз ету» іс-шарасы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес Өңірлерді жұмыспен қамту кешенді жоспарлары шеңберіңде 2017 жылғы

1 қаңтардағы жағдайы бойынша барлығы «Нұрлы жол» жобалары бойынша 5 526 адам немесе 84% жұмысқа орналастырылған.

ІV. Жүзеге асыру барысына әсер еткен факторларды талдау

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысына қолайсыз сыртқы даму факторлары әсер етті. Жоспарланған көрсеткішке қол жеткізілмеуі көп жағдайда әлемдік тауар нарықтарында бағаның құлдырауы және құбылмалы айырбас бағамына түсіндіріледі, 2016 жыл жаңа даму шарттарына кезеңіне бейімделуі, экономикалық белсенділіктің төмендеуі мен ұштасқан. Соның нәтижесінде, мұнай мен газ,  тау-кен мен металлургия және машина жасау салаларындағы жүйе құрушы кәсіпорындар өндіріс көлемін төмендетті, бұл өнеркәсіптің құлдырауына әкеп соғып, Мемлекеттік бағдарламасының негізгі нысаналы индикаторларына жетпеуге ықпал еткен.

Егер 2016 жылдың алғашқы 5 айы ішінде ЖІӨ-нің төмендеуі байқалса, 2-ші жартысынан бастап мемлекеттік бағдарламасы аясында және дағдарысқа қарсы жоспар қабылданған шаралар жаңғырту арқасында ЖІӨ-нің өсуі қайта жанданды.

 V. Есепті кезеңде қаржыландыру көздері бойынша бөліністе

іс-шараларды орындауға бөлінген және игерілмеген бюджеттік және басқа да қаржы қаражаты туралы ақпарат

Қаржы қаражатының игерілуі

Бағыт

Қаржыландыру көзі 

Жоспар,

млн. теңге

Факт,

млн. теңге

Пайдаланбаудың себептері 

1

2

3

4

5

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялу

ҰҚ

151 300

151 300

Бөлінген қаражат есебінен Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс бағыттар бойынша және Алматы-Өскемен, Астана-Петропавл, Орал-Каменка учаскелердің 1 мың. км-да жұмыстар жүргізілуде.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 611 км аяқталды (Орталық-Оңтүстік – 200 км, Орталық-Шығыс-220 км, Алматы-Өскемен – 85 км, Астана-Петропавл – 71 км, Орал-Каменка-30 км, Актөбе-Атырау – 5 км) және 43 мың адам іске қосылған.

Жылдың нәтижесінде Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Астана-Петропавл бағыттар бойынша қозғалыс ашылды.

Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту

ЖҚ

509,9

13,4

Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары I кезең жобаның сәтті аяқталды. Салынып, электр желілері, 500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – өскемен «және» Усть-Каменогорск жалпы ұзындығы 598,5 км 220 кВ-тық «Семей – Шүлбі ГЭС» кіру ҚС-500 кВ «Семей», жалпы ұзындығы 106 км. Сондай-ақ, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды ҚС-500 кВ «Семей» ҚС, 500 кВ «Өскемен» ҚС 1150 кВ «Екібастұз» ҚС-да 220 кВ «Шүлбі ГЭС».Қазіргі уақытта барлық учаскелерде объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 2016 жылы жалпы ұзындығы 883 км 500 кВ желісін салынып, 164 км желісі. Екінші кезеңін аяқтау, және тұтастай алғанда, жобаны жоспарланған 2018 жыл.

Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру

ҰҚ

89 900

89 900

Қаражат толық көлемде игерілді, нәтижесінде салынды 502 км инженерлік желілер, жылумен қамтамасыз ету, су бұру және сумен жабдықтау.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру

ҰҚ

77 900

76 500

Жедел деректер бойынша ЖАО-ға игерілді 76,5 млрд. теңге (98%). Ең төмен игеру байқалды Қарағанды облысы бойынша үнемге байланысты, жұмыс кестесінен қалумен жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ СҚО-да үнемге және незавершением тұрғын үй құрылысының нәтижесінде салынды, 2 208 км инженерлік желілер.

Білім беру саласында инфрақұрылымды дамыту

ҰҚ

57 400

57 400

Жылдың нәтижесінде 52 білім беру объекті, оның ішінде 35 мектеп және 17 балабақша енгізілді. Қаражат толық көлемде игерілді (100%).

Жобаларды қоса қаржыландыру, халықаралық қаржы ұйымдары

ҰҚ

12 300

12 000

ХҚҰ-мен бірлескен жалпы сомасы 5,5 млрд. АҚШ долл. жобаларды дайындау және іске асыру үшін қоса қаржыландыруға – 12,3 млрд. теңгеден бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен 12,0 млрд.теңге игерілді (98%). Қаражаттардың игерілмеуі бюджеттің атқарылуы үшін қажетті шарттардың кеш тіркелуіне, актілердің кеш қол қойылуына және келісімдердің және басқа да құжаттардың кеш келісілуіне байланысты.

«Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде кәсіпкерлік объектілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу

ҰҚ

14 600

13 100

Аталған бағыт бойынша қарастырылған 14,6 млрд. теңге ЖАО-мен 13,1 млрд. теңге игерді (89%). Ең төмен игеру Ақмола облысында барлық жобаларда үнемдеуімен және Бұланды ауданда орналасқан құс фабрикасына инженерлік инфрақұрылымды өндірістік (индустриялық) құру жоба бойынша өткізілмеген конкурстық рәсімдерімен байланыстыбайқалып отыр;

Қостанай, Қарағанды  облыстарында барлық жобалар бойынша үнемдеуімен байланысты.

Астана қаласы халықаралық әуежайының жолаушылар  терминалын реконструкциялау

ҰҚ

10 000

10 000

Халықаралық әуежайдың жолаушы терминалын реконструкциялауына «Астана халықаралық әуежай» АҚ жарғылық капиталын толтыру арқылы 10 млрд.теңге толық көлемінде бөлінді (100%).

Мердігермен қаражат игерілді және жұмыстар толық көлемінде орындалған: жабынның монтаж, қалқан және терминалдың әрлеу жұмыстары, еден ұйымдастыру, алдын, ішкі инженерлік желісі, технологиялық жабдықтауды жеткізу және 766 жұмыс орын құрылды.

«Алматы – Шу» учаскесінде  екінші жолдар салу

ҰҚ

19 400

19 400

Алматы-Шу учаскесінде екінші теміржолын құруына «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ-нің жарғылық капиталын толтыру арқылы 19,4 млрд. теңге бөлінді (100%).

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ» қаражат толық көлемінде игерілді және Индустрияландыру күні үстінде бірінші іске қосылатын кешенінің объектілері пайдалануға енгізілді.

Құрық портында паром өткелін салу

ҰҚ

17 000

17 000

Құрық паромдық өткелін салуына «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-нің жарғылық капиталын толтыру арқылы 17 млрд. теңге бөлінген (100%).

Бүгінгі күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен қаражат толық көлемінде игерілді, жобаның бірінші іске қосу кешенінің ЖСҚ «Мемсараптама» РМК жіберілді және 738 жұмыс орны құрылды.

Индустриялық инфрақұрылымды дамыту

ҰҚ

10 000

10 000

«ҰИМТ» АЭА инфрақұрылымның объектілерін салуына «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-нің жарғылық капиталын толтыру арқылы 10 млрд.теңге бөлінген. (100%) Бүгінгі күні барлық қаражат»Karabatan Utility Solutions» ЖШС шотына аударылған. Онымен 9,4 млрд. теңге игерілді (4,2 млрд. теңге –жасалған С-келісімшарт бойынша аванс төлеуге, 5,5 млрд. теңге – ЕРСМ келісімшарт шеңберінде жабдықтар жеткізгендік үшін ақы төлеуге, 0,3 млрд. теңге – С-келісімшарт бойынша жұмыстарды орындағаны үшін) және 2 мың. жұмыс орны құрылды. ьҚалған 0,6 млрд. теңге 15,5 млн. долл. АҚШ сомасына аккредитив шығарған кезінде валюталық EPCM контракт бойынша бағамдағы айырмасымен байланысты. Осы қаражат 2017 жылда пайдаланатын болады.

 

Отандық көлік жасау дамыту, экспорталды және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру

ҰҚ

15 000

6 900

Отандық экспортерлерді қолдау шеңберінде 45 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде ҚР Ұлттық қорынан 15 млрд. теңге. Бүгінгі күні 26 млрд. теңгеге 9 жоба мақұлданды, бұл ретте қарызға алушыларға («RG Brands» ЖШС, «Масло-Дел» АҚ, «Баян-Сұлу» ЖШС, «Казцинк» ЖШС) 14,8 млрд. теңге аударылды, оның ішінде ҚР Ұлттық қорынан 6,9 млрд. теңге. (46%) және 4 мыңға жуық жұмыс орны сақталды.

Кредиттік және коммерциялық тұрғын үй құрылыс/сатып алу жалға берілетін

ҰҚ

251 200

148 200

Құрылыс игеру мерзімі 2 жылды құрайды ерекшелігіне байланысты. 225,3 мың шаршы метр немесе 4 504 пәтер нәтижесінде енгізілді.

БАРЛЫҒЫ

ҰҚ

739 000

624 700

Жалпы, «Нұрлы жол» мембағдарламасы шеңберінде жұмсалған қаражат  ЖІӨ өсіміне үлесі бүгінгі күні 1,0 шамалы п.т. құрады, оның ішінде тікелей әсер есебінен – 0,54 п.т. және мультипликативті әсер 0,45 п.т. 100 жуық жұмыс орын құраумен.

VI. Өткізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер 

Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізілген жоқ. 

VII. Мемлекеттік әзірлеуші орган енгізген өзгертулер мен толықтырулар  туралы ақпарат 

2016 жылы Мемлекеттік бағдарламаға 3 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 255, 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 389 және 2016 жылғы

29 желтоқсандағы № 398  Жарлықтары.

VIII. Қорытындылар және ұсыныстар 

Мемлекеттік бағдарламаны және Іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың қорытындысы бойынша 2016 жылы нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері бойынша жоспарланған мәндерге қол жеткізу дәрежесінің оң серпінін атап өтеміз.

Есепті кезеңде 4 нысаналы индикатор және 21 нәтижелер көрсеткіші:

•    2 нысаналы индикаторға, 14 нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізді;

•     2 нысаналы индикатор, 14 нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ.     

Жоспарлы мәнге қол жеткізілмеу көп жағдайда сыртқы нарықтардағы қолайсыз конъюнктурамен: мұнай мен металдың әлемдік бағамының құлдырауы, Ресей экономикасындағы дағдарыс процестердің дамуы мен Қытайдың экономикалық өсуінің бәсеңдеуіне  байланысты Қазақстанның негізгі сауда әріптестері тарапынан сұраныстың төмендеуімен түсіндіріледі. 

Сондай-ақ, жүйе құрушы кәсіпорындардың және квазимемлекеттік секторының өндірістік бағдарламаларды қысқартуы ішкі факторлар әсер етті.

Жалпы теңгерімделген көзқарастың арқасында жоспарланған 46

іс-шараның 38-і орындалды, 1-уі орындалған және 7-уі ішінара орындалды.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру  «Кәсіпорындардың АЭА аумағындағы («ҰИМТ», «Қорғас — Шығыс қақпасы»)  салынған жеке инвестицияларының жалпы көлемі» және «АЭА аумағындағы («ҰИМТ», «Қорғас — Шығыс қақпасы») тауар өндіру және қызмет көрсетудің жалпы көлемі» тікелей нәтижелер көрсеткіштерін қоспағанда жоспарланған нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.  

Жалпы,  Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынжан қаражаттың елеулі үлесі 2016 жылы ЖІӨ-нің 1,0 п.к., өсуіне үлес қосты. Соның ішінде, тікелей әсер салдарынан -0,54 п.к. және мультипликативтік әсерге байланысты -0,45 п.к. 136 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.

Бұдан басқа, мониторинг Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі № 344 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілгенін атап өткен жөн.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 389 және 2016 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 398 Жарлықтарын іске асыру үшін ҚР ҰЭМ өзектендірілген Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын біріктіруді көздейтін Іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің кеңсесіне енгізілді.