• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2016 жылғы ел дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері

2016 жылғы ел дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері

1)    Жалпы макроэкономикалық көрсеткіштер

ЖІӨ-нің динамикасы

Алдын ала бағалау бойынша 2016 жылғы қаңтар-қазанда ЖІӨ-нің өсуі 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,6%-ды құрады (ағымдағы жылғы 8 ай ішінде 0,3%, ағымдағы жылғы 9 ай ішінде 0,4%). Тауарлар өндірісі - 0,4%-ға, көрсетілетін қызметтер – 0,6%-ға өсті.

Инфляция

Инфляция жылдың басынан бастап (2015ж. желтоқсанға қарағанда 2016ж. қазан) 6,2% құрады. Жыл басынан бастап инфляцияға негізгі үлесті – 2,4 пайыздық тармақты азық-түлік емес тауарлардың 7,6%-ға қымбаттауы қосты. Азық-түлік тауарларының бағалары 5,7%-ға (үлесі – 2,1 пайыздық тармақ), ақылы көрсетілетін қызметтер бағалары – 5,4%-ға (үлесі – 1,7 пайыздық тармақ) өсті.

Ағымдағы жылғы қазанда айлық инфляция 0,6%-ды құрады.

Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3,5%-ға (ағымдағы жылғы 9 айдағы 4,1%-ға.) ұлғайды, өсу «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және «ИИДМБ» шеңберінде индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына негізделген.

Инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың өз қаражаты болып қалуда – 3,5 трлн. теңге (құрылымдағы үлесі 60,5%), банк кредиттері – 355,2 млрд. теңге (үлесі 6,2%), басқа да қарыз қаражаты – 1 061,2 млрд. теңге (үлесі 18,5%).

Салалар бөлінісінде инвестициялардың едәуір өсуі ауыл шаруашылығында (52,1%-ға, 209,7 млрд. теңгеге дейін), саудада (33,5%-ға, 122,8 млрд. теңгеге дейін), кен өндіру өнеркәсібінде (14,9%-ға, 2 102,6 млрд. теңгеге дейін) және өңдеу өнеркәсібінде (3,3%-ға, 595,2 млрд. теңгеге дейін) байқалды.

Сыртқы сауда

2016 жылғы қаңтар–қыркүйекте Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 43,9 млрд. АҚШ долларын құрады және 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,2%-ға төмендеді, оның ішінде экспорт – 26,2 млрд. АҚШ долларын (27,0%-ға төмендеу), импорт – 17,6 млрд. АҚШ долларын (24,9%-ға төмендеу) құрады.

Халықаралық резервтер

Елдің халықаралық резервтері 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 92,7 млрд. АҚШ долл. құрады және жыл басынан бастап 1,5%-ға өсті (2015 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда 0,4-ға ұлғайды), оның ішінде шетел валютасындағы Ұлттық қордың активтері жыл басынан бастап 2,0%-ға 62,2 млрд. АҚШ долл. дейін төмендеді (2,6%-ға төмендеді). Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері 30,5 млрд. АҚШ долл. құрады және жыл басынан бастап 9,6%-ға өсті (7,3%-ға өсті).