• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2017 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңы

«Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 

Өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Азиядағы заманауи инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2016 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне қатысуы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және АИИБ қызметінің негізін айқындайтын «Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Ратификациялау туралы заң) қабылданды.

Ратификациялау туралы заңды қабылдау Қазақстан Республикасының АИИБ-ге мүше құрылтайшы елдердің бірі болуына мүмкіндік берді.

АИИБ Азияда инфрақұрылымның дамуына және инфрақұрылым мен басқа да өндірістік секторды инвестициялау жолымен өңірлік интеграция деңгейін арттыруға қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге арналған жаңа халықаралық қаржы институты болып табылады. Бұл ретте энергетика, көлік, логистика, қалалық және ауылдық инфрақұрылым қаржыландырудың басым бағыттары болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 264 Заңымен (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігі бөлігіндегі қатынастар реттеледі. Бұдан басқа, Заңда халықаралық ұйымдармен қатынас жасасуға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдарды бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы мүшелігіне байланысты қаржылық өзара қатынастарын реттеу көзделген.

Қазақстан Республикасының жаңа халықаралық ұйымға кіруін, сол арқылы АИИБ Келісімінің Баптарында көзделген мiндеттемелерді қабылдағанын назарға ала отырып, Заңға тиісті өзгерістер енгізу қажет.

Бұдан басқа, осы заң әзірлеу Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы мүшелігі саласындағы қоғамдық қатынастарды регламенттейтін құқықтық нормалардың құқықтық мониторингін жүргізу барысында анықталған заңдардың құқықтық нормалары арасындағы олқылықтар мен коллизияларды жою қажеттігінен туындап отыр, ол қолданыстағы заңнаманың нормаларын жетілдіруге және реттеуге ықпал етті.

Осы қабылданған заң республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін азайтуға немесе шығыстарын ұлғайтуға әкеп соқтырмайды.