• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше

2018 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруіне байланысты талқылауларды Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Келісім Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты іске асыру үшін әзірленді және оған 2017 жылғы 26 мамырда Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысында қол қойылды.

Келісімде:

  • Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды ерікті келісу;
  • Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруіне байланысты талқылауларды Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізу тәртібі регламенттеледі.

Келісімде Одаққа мүше мемлекеттің өзіндік ерекшелікті субсидияларды келісу және өнеркәсіптік субсидияларын беруге байланысты талқылауларды жүргізу үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға жүгіну құқығы қарастырылған.

Одаққа мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды келісу туралы өтініштері Еуразиялық экономикалық комиссияға түсісімен Еуразиялық экономикалық комиссия осындай субсидиялардың Келісімде айқындалған өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруге болатыны немесе болмайтыны өлшемшарттарына сәйкестігі мәніне талдау жүргізетін  болады.

Егер өзіндік ерекшелікті субсиядиялар беруге болатыны немесе болмайтыны өлшемшарттарына жатпайтын болса субсиядияларды келісу туралы шешім қабылданбайды. Бұл ретте, субсиядиялау тәжірибесінің өзгеру мүмкіндігін ескере келе Одаққа мүше мемлекет беруге болатын жаңа өлшемшарттарын әзірлеуге бастама жасауға құқылы, ол Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің шешімімен бекітіледі.

Келісу тетігін қолданудың нәтижесінде Еуразиялық экономикалық комиссияға жүгінген мемлекет Одақтағы мүше мемлекеттің кез келген тарапынан өтемақы шараларын енгізу тәуекелдерінен «сақтандырылатын» болады.

Бұдан басқа, мүше мемлекеттің оған залал келтіру не болмаса  залал келтіру қатерін растайтын негіздер болған кезде берілетін өнеркәсіптік субсидияларына қатысты талқылау рәсімдеріне бастама жасау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссиясына жүгіну құқығы туындайды. Еуразиялық экономикалық комиссиясы жүргізетін  талқылау рәсімі баламалы тетік болып табылады, өйткені бұл ретте  Одаққа мүше мемлекеттердің Одақ туралы шартқа сәйкес  тергеп-тексеруді ұлттық деңгейде жүргізуге бастама жасау мүмкіндігі сақталады.

Талқылаулар нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиясы Одаққа мүше мемлекеттердің орындауы үшін міндетті шешімдерді қабылдайды. Келісілген субсидияларға қатысты залалдың бар екендігі фактілерін белгілеу кезінде субсидиялаушы мемлекет  мұндай субсидиялар беруді тоқтатады. Бұл жағдайда өтемақылық шаралары енгізілмейді. Келісілмемен субсиядияларға қатысты залал шеккен мемлекет субсиядиялаушы мемлекетке өтемақылық шаралар енгізу туралы өтініш жібере алады не болмаса екіжақты консультациялардың шеңберінде басқа бір қолайлы шешімді таба алады.

Келісімді іске асыру отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының  мүдделерін қорғаудың құқықтық құралдарын регламенттеуге, сондай-ақ  осы процеске тәуелсіз төреші – Еуразиялық экономикалық комиссиясын тарту есебінен талқылау процестерінің  объективтілігін қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді.