• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 15 наурыздағы азаматтарды қабылдау туралы хабарлама

ҚР Ұлттық экономика министрі азаматтарды қабылдады

Астана, 15 наурыз - ҰЭМ ҚР. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов  азаматтарды қабылдады.

Тимур Сүлейменов әлеуметтік-тұрмыстық салаға, тұрғын үй мен шағын және орта бизнеске, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысты экономикалық ведомство басшысына өтінішпен келген Астана қаласының және Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданының тұрғындарымен кездесті.

Азаматтардың өтініштерін тыңдаған соң, Тимур Сүлейменов, барлық қойылған сауалдарға ҰЭМ құзыреті шегінде жауап берді. Ал зерделеу үшін қосымша уақытты талап ететін мәселелердің нәтижелері туралы азаматтарға хабарлауды министр сәйкес құрылымдық бөлімше басшыларына тапсырды.