• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2019 жылға арналған байланысты емес гранттарды тарту үшін басым жобалар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының байланысты емес гранттарды тарту бойынша іс-шаралар өткізуі мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған 2019 жылға арналған байланысты емес гранттарды тарту үшін басым жобалар тізбесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуына жауапкершілік Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаментіне жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министрдің

міндетін атқарушы                                                                                       Р. Дәленов