• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2019 жылға арналган үшінші елдерден әкелінетін етке қатысты тарифтік квоталардың көлемдері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 141 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы үшін:

жас немесе тоңазытылған және мұздатылған сиыр етіне қатысты (ЕАЭО СЭҚ ТН 0201 – 0202 кодтары) 21,0 мың тонна;

құс етіне қатысты (ЕАЭО СЭҚ ТН 0207 коды) 140 мың тонна, олардың ішінде:

«мұздатылған сүйегі сылынбаған жартылары немесе ширегі және аяқтары және үй тауықтары мен олардың  кесектері (Gallus domesticus)» ЕАЭО СЭҚ ТН 0207 14 200 1 және 0207 14 600 1 кодтары) қатысты 128 мың тонна және өзге де құс етіне қатысты 12 мың тонна мөлшерде тарифтік квоталардың көлемдері белгіленген.

Тарифтік квотаның көлемі шегінде әкелінетін тауарларға қатысты қолданылатын кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері:

жас немесе тоңазытылған және мұздатылған сиыр еті – кедендік құнынан 15%;

құс еті - кедендік құнынан 15%.

Түсіндіру үшін байланыс деректері – 74 37 60, 74 30 45