• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ҚР ӘЭД қорытындылары туралы Үкімет отырысына баяндама

Қаңтар-қыркүйекте Жалпы ішкі өнім 4,3%-ке өсті. Өсу құрлыстағы, саудадағы және көлік саласындағы шығарылымның ұлғаюымен қамтамасыз етілді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 9,7%-ке өсті.

Қыркүйекте жылдық инфляция 5,3%-ті құрады. Бұл жоспарланған дәліз шегінде.

Қантар-тамызда халықтың нақты табыстары 6,7%-ке өсті.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өндірісі 9 айда 3,3%-ке өсті. Өңдеу өнеркәсібі мен кен өндіру өнеркәсібі өсудің драйверлері болды.

Өндеу саласында ең жоғары өсуге жеңіл өнеркәсіпте, машина жасауда, сусындар өндірісінде және фармацевтикада қол жеткізілді.

Кен өндіру өнеркәсібінде металл рудасын өндіру 13,1% өсті. Бұл өсім түсті металл рудасын өндірудің ұлғаюымен қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге, көмір және мұнай өндіруде әлі де төмендеу байқалады.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өсу 13,5%-ке дейін жеделдеді. 8,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығы салаларында мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,5%-ке ұлғайды. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы өндірісі 4,0%-ке төмендеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығында 0,5%-ке  төмендеу тіркелді.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫ

Көрсетілетін қызметтер саласында өсу 4,4%-ті  құрады.

Көтерме сауданың өсуі есебінен сауда көлемдері 7,6% өсті.

Жүк айналымының есебінен көлік қызметтері 5,5% өсті.

СЫРТҚЫ САУДА

Қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы 1,8% өсіп, 62,1 миллиард долларды құрады. Экспорт көлемі 37,6 миллиард долларды, импорт 24,5 миллиард долларды құрады.

ӨҢІРЛЕР

Негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлердің көбінде өсімнің оң серпіні байқалады.

Сонымен бірге, өнеркәсіп бойынша Қызылорда, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары әлі де төмендеуді көрсетіп отыр. Бұл ретте Маңғыстау облысында жағдай жақсарып келеді.

Ауыл шаруашылығы бойынша Қостанай облысында өнім шығару үштен бір бөлікке төмендеді. Бұл жалпы ауыл шаруашылығының төмендеуіне себеп болды.

Құрылыс және негізгі капиталға инвестициялар бойынша артта қалғандар қатарында әлі де Шымкент қаласы, Маңғыстау облысы және Нұр-Сұлтан қаласы кіреді.

Бұл ретте, осы өңірлерде инвестициялар бойынша оң серпін байқалып отыр. Сондай-ақ Маңғыстау облысында құрылыс саласындағы жағдай жақсарып келеді.

Сонымен бірге, автомобиль жолдарын реконструкциялау жұмыстарының төмендеуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы құрылыс бойынша теріс аймаққа кірді.

Бірқатар өңірлер өңдеу және кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру және инвестициялар бойынша жақсы серпінді көрсетіп отыр.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстары жоғары өсуді 4 көрсеткіш, ал Атырау облысы – 3 көрсеткіш бойынша көрсетіп отыр.

Сонымен бірге, кейбір өңірлерде бірқатар көрсеткіштер бойынша төмендеу байқалды.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысында 3 көрсеткіш бойынша;

Солтүстік Қазақстан облысында 2 көрсеткіш бойынша;

Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында 1 көрсеткіш бойынша.

Сондай-ақ, көрсеткіштерді тоғыз айды сегіз аймен салыстырғанда Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 көрсеткіш бойынша, Батыс Қазақстан облысында 1 көрсеткіш бойынша бәсеңдеу тіркелді.

Жалпы, 9 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2 өңірде Жалпы өңірлік өнімнің нысаналы өсуіне қол жеткізбеу қауіпін көрсетіп отыр.

Бұл Батыс Қазақстан, Маңғыстау.

Экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін, орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай шараларға баса назар аударуы қажет.

Біріншіден, экономика салаларында қол жеткізілген өсу қарқынын ұстап тұру.

Екіншіден, экономиканың базалық салаларында өсуді қамтамасыз ету бойынша түбегейлі шаралар қабылдау.

Үшіншіден, инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын толық игеруді қамтамасыз ету.

Төртінші, 4 тоқсанда тұтыну тауарларының бағаларын қатаң бақылауды қамтамасыз ету.