• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2019 жылғы қаңтар-наурыздағы ҚР ӘЭД қорытындылары туралы ҚР Үкіметі отырысында сөйлейтін сөз 2019 жылғы 16 сәуір

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында экономиканың өсуі жалғасып, жекелеген өңдеу секторлары екі таңбалы өсуге шықты, инвестициялар мен құрылыс айтарлықтай өсті.

Осылайша, қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,8% дейін нығайды. Қаңтар-ақпанда ол 3,5% құраған. Өсудің үдеуі өңдеу өнеркәсібінің өсу жағына шығуымен, сондай-ақ құрылыс және инвестициялардағы өсудің үдеуімен қамтамасыз етілді.

Инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде. Жыл басынан бері ол 1,3%, ал жылдық мәнде – 4,8%  құрады.

Инвестициялардың серпіні шамамен екі еселенді. Екі айдың қарқыны 4,2%  болды, ал енді тоқсан қорытындысы бойынша 7,0% (дейін өсіп отыр. . Өсу негізінен инвестициялық тауарларды сатып алумен байланысты.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халықаралық резервтер 86,0 млрд. АҚШ долларын құрады.

ӨНЕРКӘСІП

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісі 3,2% өсті. Қаңтар-ақпанда өсу 2,7% болған. Бұл өңдеу өнеркәсібінің +1,6% өсу траекториясына оралуына байланысты).

Сонымен қатар кен өндіру өнеркәсібінде серпін бәсеңдеді. Екі айдағы 6,3% қарағанда өсу 4,8% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің көптеген салаларында екі таңбалы өсу байқалды. Бұл жеңіл өнеркәсіп, сусындар

және пластмасса бұйымдарын өндіру, құрылыс материалдарын шығару, сондай-ақ машина жасау, оның ішінде автокөлік жасау.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9% артты.

Бұл көп жағдайда өнеркәсіп объектілерінің, автомобиль жолдары, газ құбырлары, тұрғын үйлер, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын сақтап тұр. Өндіріс көлемі 3,6% ұлғайды. Өсім мал шаруашылығының 3,8% өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы өткен жылдың деңгейінде сақталды.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫ

Көрсетілетін қызметтер саласында өсудің орнықтылығы сақталуда. Есепті кезеңде ол 3,7% өсті.

Осы сектордың барлық салаларында дерлік жақсы қарқын байқалды.

Сауданың  өсімі 7,2% деңгейінде тіркелді. Бұл автокөлік құралдарын, автобөлшектерді, мұнай өнімдері мен жанар-жағар май сатудың ұлғаюына байланысты.

Көлік саласында өсу 4,4% құрады. Бұл салада әуе көлігінің жүк айналымы 2 есеге жуық өсті.

СЫРТҚЫ САУДА

Сыртқы сауда айналымы жағымды трендті көрсетуді жалғастыруда. Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда ол 7,5% ұлғайды, бұл негізінен экспорттың 11,1% ұлғаюының есебінен болды. Импорт бар болғаны 0,3% өсті.

ӨҢІРЛЕР

Өнеркәсіп бойынша жоғары өсу Шығыс Қазақстан облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Атырау және Қостанай облыстарында байқалады.

Сонымен қатар, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары теріс мән көрсетті.

Ауыл шаруашылығы бойынша барлық өңірлерде оң үрдіс сақталуда.

Құрылыс бойынша артта қалған өңірлер саны 8-ден 4 -ке дейін қысқарды. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, Шымкент қаласы және Маңғыстау облысы артта қалып отыр.

Өткен жылғы құрылыс жұмыстары мен ірі объектілерді реконструкциялау көлемін есептемегенде, Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда 1,9% өсті.

Негізгі капиталға инвестициялар бойынша серпіннің едәуір бәсеңдеуі Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысында байқалады.

Шымкент қаласындағы инвестициялардың елеулі қысқаруы негізінен мұнай өндеу зауытын жаңартудың аяқталуына байланысты.

Инвестицияларды тарту бойынша озық серпінді Қызылорда облысы 2,3 есеге өсумен көрсетуде.

Өңірлік бөліністе жүргізілген талдаудың негізінде біз бірнеше көрсеткіштері төмендеген өңірлерді айқындадық:

- Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және инвестициялар бойынша;

- Шымкент қаласында құрылыс, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және инвестициялар  бойынша;

- Ақмола облысында құрылыс және инвестициялар бойынша.

Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында азық-түлік тауарларына бағаның жоғары өсуі байқалады.

Сонымен қатар, 5 өңір бірден бірнеше көрсеткіш бойынша жақсы серпін көрсетті. Бұл Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары.

Мысалы, Атырау облысында өнеркәсіп бойынша оның ішінде өңдеу және кен өндіру, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, инвестициялар және құрылыс  бойынша елеулі өсу байқалады.

Жалпы осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша бірқатар көрсеткіштерде жақсару байқалып отыр.

Сондықтан екінші тоқсанда қол жеткізген қарқындарды сақтап, оны жалғастыру маңызды. Ол үшін мүмкіндіктер бар.

Біріншіден, нақтыланған бюджетті қаржыландыру ашылуда. Бұл тұтынушылық және инвестициялық сұранысты күшейтеді.

Екіншіден, құрылыс, инвестициялық жұмыстар, сондай-ақ Агро өнеркәсіп кешені саласындағы жұмыстар кезеңі ашылуда.

Үшіншіден, екінші тоқсанда дәстүрлі түрде шағын және орта бизнес жанданады.

Сондықтан осы кезеңде экономикаға жаңа ақшаны жылдам беруді ұйымдастыру, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруды жеделдету маңызды.