• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша баяндамасы

2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерін сақтау ұсынылады.

Бұл жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,8%, мұнай өндіру - 89 млн. тонна.

Әлемдік мұнайдын бағалалары жоғары құбылмалылығын көрсетеді. Осыны ескере отырып, мұнайдың болжамды бағасы барреліне 55 доллары деңгейінде сақталды.

Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4,0-6,0% шегінде сақталған.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы параметрлерінің сақталу факторлары:

- сыртқы нарықтар бойынша болжамның сақталуы;

- тоғыз айдағы көрсеткіштер динамикасы;

- ағымдағы жылғы наурыз айындағы түзету.

Республикалық бюджет кірістерін 95 млрд. теңгеге арттыру ұсынылады. Олар:

- салықтық түсімдер 12,0 млрд. теңгеге;

- салықтық емес түсімдер 83,0 млрд. теңгеге өседі.

Салықтық емес түсімдер 83,0 млрд. теңгеге келесілер есебінен болады:

дивиденттер 50 млрд. теңгеге, 66 млрд. теңгеге дейін өседі және 33 млрд. теңге түсімдердің фактісі бойынша.

Жалпы, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2019 жылы 7 трлн. 81 млрд.теңгені құрайды.

Түсімдер түрлері бойынша кірістердің құрылымы жалпы сақталады.

Ең үлкен үлесті қосылған құн салығы (2,8 трлн. теңге), корпоративтік табыс салығы (2,0 трлн. теңге), халықаралық саудаға салынатын салықтар (1,5 трлн. теңге) құрайды.

Республикалық бюджеттің тапшылығы бұрын бекітілген 1 трлн. 365 млрд. теңге деңгейінде сақталған. Жалпы ішкі өнімге қарағанда бұл 2,1% процентті құрайды.

Мұнай емес тапшылық, яғни мұнай кірістерді қоспағанда,  жалпы ішкі өнімге қарағанда 8,5% процентті немесе 5,5 трлн. теңгені құрайды.

Мұнай емес тапшылықтың параметрлері бекітілген фискалдық ережелерге сәйкес келеді.

Республикалық бюджеттің параметрлері нақтылауды ескере отырып, мынадай болады.

Түсімдердің жалпы көлемі 95 млрд. теңгеге өседі және 10,7 трлн. теңгені құрайды.

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде Ұлттық қордан трансферттер өспейді.

Шығыстар 95 млрд. теңгеге артады, бұл кірістердің өсуімен сәйкес келеді.

Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 12 трлн. теңгеден асады.

Осылайша, түсімдер 10,7 трлн. теңгені, шығыстар 12 трлн.теңгені, тапшылық 1,4 трлн. теңгені құрайды.