• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ақпаратық жүйелер мен ақпараттық электрондық ресурстар

1.      Электрондық ақпараттық ресурстар

1.1

«Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесі

Жүйе ыңғайлы интерактивті режимде статистикалық көрсеткіштер бойынша барлық өзекті статистикалық ақпаратты халыққа, мемлекеттік органдарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға ұсыну мақсатында жүзеге асырылды.

«Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесі статистикалық көрсеткішті іздеуге, деректерді әртүрлі кестелік, графикалық және картографиялық түрлерін және айырмашылықтарын ұсынуға; қойылған талаптар бойынша мәліметтерді визуалдауға; мәліметтерге талдау жүргізу үшін құралдармен қамтамасыз етуге; көпшілік мақұлдаған қолжетімді үлгіде таңдалған мәліметтерді немесе талдау нәтижелерін жүктеуге; деректерді үздіксіз өзекті қылу үшін қолданушының Жеке кабинетін құруға мүмкіндік береді.

2.      Ақпараттық жүйелер

2.1

«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі

«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі – бұл онлайн режимде статистикалық нысандарды қабылдауға, статистикалық мәліметтерді сақтауға және өңдеуге, статистикалық ақпаратқа талдау жүргізуге және қарауға мүмкіндік беретін статистикалық қызметтің толық автоматтандырылған үрдісі.

Қазіргі уақытта «е-Статистика» ИАЖ-сі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестацияланған және де 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

«е-Статистика» ИАЖ-сі қазіргі уақытта Oracle платформасында өңделген, бір-бірімен өзара біріктірілген 15 ақпараттық жүйені біріктіреді:

1) Ішкі Интранет-портал (әрі қарай - ІИП) – «е-Статистика» ИАЖ-сінің компонеттеріне бірыңғай рұқсат нүктесі болып табылады;

2) «КЛАСС» ақпараттық жүйе (әрі қарай – КЛАСС АЖ);

3)  «Метадеректер» ақпаратты жүйе (әрі қарай – Метадеректер АЖ);

4) Бастапқы статистикалық мәліметтер қоймасы;

5) Бастапқы статистикалық және әкімшілік ақпаратты өңдеудің ақпараттық жүйесі - бастапқы статистикалық мәліметтерді жедел және сапалы өңдеу;

6) Регистрлік жүйелер (4 АЖ: «Халықтың статистикалық тіркелімі» АЖ, «Статистикалық бизнес-тіркелім» АЖ, «Статистикалық тұрғын үй қоры тіркелім» АЖ, «Ауылшарушылық статистикалық тіркелім» АЖ) – статистикалық бақылау объектілерінің бірліктер тізімін статистикалық ақпаратты өңдеу кезінде қолданылатын жүйелеу.

7) Біріктірме көрсеткішінің дерекқоры – Комитеттің барлық біріктірме көрсеткіштерінің ортақтандырылған сақталуы;

8) Әкімшілік ақпараттың дерекқоры – әкімшілік көздерінен (мемлекеттік органдардың сыртқы ақпараттық жүйелерінен) бастапқы ақпаратты жүктеу, түрлендіру, сәйкестендіру және сақтау үшін арналған.

9) Интеграцияланған компонент – мәліметтермен алмасу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесу үшін арналған.

10) «On-line режимінде деректер жинау» ақпараттық жүйе;

11) Комитеттің интернет-ресурсы;

12) Ақпараттық-талдамалық жүйе.

Жоғарыда көрсетілген жүйелердің ішінде 3-і сыртқы пайдаланушы үшін арналған және Интернет желісінде қолжетімді, бұлар:

1)«On-line режимінде деректер жинау» ақпараттық жүйе – респонденттерге жүктемені азайту мақсатында құрастырылған. Респонденттер www.stat.gov.kz немесе https://cabinet.stat.gov.kz Комитеттің интернет-ресурсы арқылы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып өздерінің есептіліктерін жұмыс орнында қала беріп тапсыруларына болады.

2)Комитеттің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсы - «е-Статистика» БАЖ-сі басым компоненттерінің бірі. Үнемі өзекті және расталған статитикалық мәліметтері бар, статистикалық ақпаратты таратудың маңызды арнасы болып табылады.

3)«Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесі - Жүйе ыңғайлы интерактивті режимде статистикалық көрсеткіштер бойынша барлық өзекті статистикалық ақпаратты халыққа, мемлекеттік органдарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға ұсыну мақсатында жүзеге асырылды.

4)«Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесі статистикалық көрсеткішті іздеуге, деректерді әртүрлі кестелік, графикалық және картографиялық түрлерін және айырмашылықтарын ұсынуға; қойылған талаптар бойынша мәліметтерді визуалдауға; мәліметтерге талдау жүргізу үшін құралдармен қамтамасыз етуге; көпшілік мақұлдаған қолжетімді үлгіде таңдалған мәліметтерді немесе талдау нәтижелерін жүктеуге; деректерді үздіксіз өзекті қылу үшін қолданушының Жеке кабинетін құруға мүмкіндік береді.

2.2

«Жеке сауалнаманың компьютерлендірілген жүйесі» АЖ

ҚАЗСТАТ жобасы аясында Комитетпен Жеке сауалнаманың компьютерлендірілгенжүйесі құрастырылды. Жүйе үй шаруашылығын зерттеу және бағаларды тіркеу бойынша бастапқы мәліметтерді жинау үшін арналған. Жүйенің негізгі мақсаты – бұл планшеттік құрылғыларды пайдалана отырып бастапқы мәліметтерді жинауды автоматтандыру.

Аталған әдіс мәліметтерді енгізу кезінде қателіктерді ықшамдауға, әр түрлі тасушыларда мәліметтерді енгізу кезінде қайталауды болдырмау арқылы жұмыс күшін үнемдеуге, сұхбат алушының жұмысын оңтайландыруға, қағаз нұсқада қолдануды азайтуға, статистикалық мәліметтердің сапасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ЖСКЖ жүйесі ортақтандырылған жүйеде ЖСКЖ арқылы түскен мәліметтерді сақтау және өңдеу мақсатында Комитеттің «е-Статистика» біріктірілген ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Қазіргі уақытта жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген.

2.3

«Телефондық сауалнаманың компьютерлендірілген жүйесі» АЖ

ҚАЗСТАТ жобасы аясында Комитетпен мәліметтерді жинаудың жаңа әдісін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде - Телефондық сауалнаманың компьютерлендірілген жүйесі (ТСКЖ).

ТСКЖ құрудың мақсаты шалғайдағы аудандарда тұратын, соның ішінде ауыл шаруашылығының статистикасы бойынша респондеттерді телефондық сауалнама арқылы бастапқы мәліметтерді жинауды автоматтандыру.

 Аталған әдіс респондеттерді толық қамтуды, респондеттерден есептер алу мерзімінің қысқаруын, жүйеге мәліметтерді енгізуде уақытты үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта ТСКЖ жүйесі ортақтандырылған жүйеде ЖСКЖ арқылы түскен мәліметтерді сақтау және өңдеу мақсатында Комитеттің «е-Статистика» біріктірілген ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Қазіргі уақытта жүйе тәжірибелік пайдалану қолданысында және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу үшін жұмыстар жүргізілуде.