• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің (бұдан әрі – Көрме) нәтижесінде Тіркеу құжаттамасындағы жоспарларға қол жеткізілгенін сенімді айтуға болады. Ең алдымен, келушілер саны бойынша мәліметтер біз үшін табысты түпкілікті көрсеткіштердің бірі болып табылды.   

Тіркеу құжаттамасына сәйкес Көрме объектілеріне екі миллионнан астам қонақ және 5 миллион келушілер күтілген болатын. Нәтижесінде ЭКСПО-2017 шамамен 4 миллион адам болды, ал келушілер саны 33 миллионнан асты. Көрмеге жарты миллионнан астам адам 187 мемлекеттен келді, ол осы жылы Астанаға оқиғалық туризм саласында жетекші астаналардың бірі (ТОП-5 ШОБ және ТМО мемлекеттер арасында) болуға мүмкіндік берді. Бұл дегеніміз ЭКСПО-нын арқасында Қазақстанды етел аудиториясында танымалдылығын және әйгілілігін арттыруға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, Көрмені сәтті өткізудің маңызды көрсеткіші болып Астана қаласында ЭКСПО халықаралық қатысушыларының саны болды. Басында 100 мемлекет және 7 мемлекеттік ұйымның қатысуы күтілді, алайда Көрменің басталуы қарсаңында олардың саны 115 мемлекетке және 22 халықаралық ұйымға ұлғайды.

ЭКСПО кезінде жетекші мемлекеттер өкілдерімен екі жақты кездесулер ұйымдастырылды, қазақстандық серіктестіктермен Көрменің қатысушы мемлекеттерімен 39 келісімге қол қойылды. Қытай, Италия, Румыния, Испания, Латвия, Нидерланд, Словакия, Франция және Швецария өкілдерімен жазбаша келісімдерге қол жеткізілді. Мемлекеттер ішінде көп келісімдерге қол қойылған, - Қытай (19), Румыния (7), және Испания (4). Негізінде қол жеткізілген келісімдер білім, өндіріс және қаржы саласына қатысты. Мысал ретінде, «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС және «Airbus Defense and Space» (Испания) арасында қолдау көрсету бойынша серіктестік туралы келісімді, Шанхай халықаралық сауда палатасы және Алматылық сауда және инвестиция палатасы арасында достастық серіктестік туралы келісімді (Қытай), «Хория Холубей» ядерлік зерттеулер Институты және «Назарбаев Университет» БАҚ-пен арасында серіктестік туралы келісімді (Румыния) айтуға болады. Күтілгендей, ЭКСПО-2017 Қазақстанның және Астананың халықаралық имиджінде оң нәтижесін көрсетті.

ЭКСПО-ның тұрақты дамуға, оның ішінде дүниежүзілік энергетикаға    бағалы салымы атап өтпеу мүмкін емес. ЭКСПО-2017 алаңында барлық дүние жүзінен 193 озық технологиялар ұсынылды. Олар жақын арада біздің өмірді жақсартатынына сенімдіміз.

ЭКСПО-2017 дайындау мен өткізу шеңберінде шығындардың негізгі бабы инфраструктураға капиталды салымдар болды. Сонымен, Көрме аумағында 174 га бірегей архитектуралық комплекс алаңы пайда болды. Көрмеден кейінгі ЭКСПО-2017 объектілерін қолдану бағдарламасына сәйкес бұл жерде Энергия болашағы мұражайы, Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Халықаралық IT-стартаптар технопаркі, БҰҰ қамқорлығымен «жасыл» технолоияларды және инвестициялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталығы ашылды. Бұның бәрі инвестициялардың ағылуы, сондай-ақ Қазақстанның өңірлерінен және басқада дүниежүзілік мемлекеттер туристері есебінен мемлекет экономикасына үшін ұзақ мерзімді тиімділік береді.

«ЭКСПО-2017» ұлттық жобасын жүзеге асыруда жұмсалған қаражаттың бөлігі біздің демеушілерден және серіктестіктерден қолдау ретінде, нақты айтқанда - 40,4 млрд теңгені ($120 млн) атап өткен жөн. Қатысушы мемлекеттер Қазақстанның экономикасына $198,5 млн (66,3 млрд теңге) салды.

Ұлттық компанияның тікелей табыстары туралы айтатын болсақ, көрме шеңберінде лицензиондалған тауарға және тауарлық таңбаны қолдануға құқық сатуда сауда қызметінің арқасында 70 млрд теңге ($200 млн астам) алуға мүмкіндік болды. Осы уақытта ЭКСПО шеңберінде әртүрлі қызметтер көрсететін компаниялар - авиа тасымалдаушылар, қонақүйлер және ресторандар едәуір пайда тиді. 1400-ден астам шағын және орта бизнес кәсіпкерлері тауарлар мен қызметтер жеткізуге 640 млрд теңге ($1,9 млрд) соммасына тапсырыстар алды.         

ЭКСПО-2017 Астана мен Қазақстанның әртүрлі экономика саласына бірден даму үшін түрткі болды. Ең алдымен, Көрмені өткізу республиканың экономикасына тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша жұмысты жеделдетті. ЭКСПО нақты инвестициялық жобалар бойынша іскерлік кездесулер мен мәміле жасасуға мүмкіндік туғызды.

ЭКСПО-ның арқасында туризм Қазақстан экономикасы дамуының жаңа нүктесі болуы мүмкін. Туристік қызметтерге сұраныс көрме кезінде  76%-ға өсті. Халықаралық авиа жолаушы ағымы 30%-ға, ішкі авиа жолаушылар ағымы - 88%-ға өскенін көрсетті. Жергілікті турагенттер ішкі және сыртқы туризмде қызметтерін жұмылдырды. 

ЭКСПО-2017 ұйымдастыру мен өткізу кезінде 50 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, бұл ретте 5 мыңы көрме өткеннен кейін қалды. Астанада 47 жаңа ресторан және 36 қонақүй пайда болды, 11 жаңа жол салынды және 44,4 км жол жөнделді. Ертеректе ешбір мемлекеттік жоба бұндай нәтиже көрсетпеген. 

ЭКСПО-2017 мемлекеттің инвестициялық потенциялын ашуда түйінді рөл атқарды. Маштабты жобаның негізінде Қазақстанды дамуға ұмтылған және онымен ынтымақтасу керектігін, мемлекет ретінде дүниежүзіне таныстыруға мүмкіндік берді.

ЭКСПО-2017 кезінде шетел делегациясымен екі жақты кездесулер Инвестициялар және даму министрлігімен, Астана халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО), Kazakh Invest және Astana Innovations компанияларымен, Астананың әкімдігімен «Назарбаев Университеті» және т.б. ұйымдастырылды. Өткізілген шаралар нәтижесі бойынша Қазақстанның әртүрлі экономика салаларын инвестициялау мәселелерін пысықтауға мүмкіндік болды. Қазақстандық-Қытай іскерлік кеңес шеңберінде $5 млрд –тан астам соммаға нақты мәмілелер бойынша 21 келісімге қол қойылды. Қазақстандық-германиялық іскерлік кеңес нәтижесінде €970 млн-нан астам соммаға 20 келісімге қол қойылды. ЭКСПО-2017 Қазақстанның зор инвестициялық келешегінің басталуына мүмкіндік берді.

Көрменің өткізілу кезеңінде 4500 волонтер қатысты, оның ішінде 2100 волонтер Астана қаласынан, 150-і шетелдік және 2400 волонтер еліміздің басқа өңірлерінен келді.