• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

БАС преференция жүйесі бойынша анықтамалық ақпарат

1.Қазақстан белгілі бір тауарлар бойынша белгіленген әкелім тарифтерінің кедендік бажының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын АҚШ-тың Бас преференция жүйесіндегі (БПЖ) елдердің тізімінде тұр.

АҚШ-тың Бас преференция жүйесі дамудағы және ең нашар дамыған елдердің экономикалық дамуына АҚШ-қа 131 елден және аумақ-бенефициарлардан, оның ішінде 44 ең нашар дамыған елдер-бенефициарлардан әкелінген 4900-ден аса тауарға бажды шегеру жолымен жәрдемдесуге бағытталған.

Бұл жүйе 1976 жылы 1974 жылғы 1 қаңтардағы Сауда туралы заң аясында құрылған. Оны жаңартуды және/немесе ұзартуды АҚШ конгресінің міндетті түрдегі келісуімен АҚШ Сауда өкілдігі басқармасының (USTR) ұсыныстары негізінде әрбір екі жыл сайын АҚШ Президенті жүргізеді.

БПЖ жүйесін ағымдағы қайта қарау аясында, америкалық тараптың хабарлауынша, Қазақстанды БПЖ-дан шығару мүмкіндігі қаралуда, бұл ҚР кәсіподақ ұйымдары қызметінің жекелеген мәселелеріне байланысты болып отыр.

Ағымдағы кезде бұл мәселені ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі америкалық тараппен бірге анықтау үстінде.

2. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның АҚШ-пен сыртқы сауда айналымы 2017 жылы 1,6 млрд. АҚШ долл. құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 13,1%-ға немесе 247 млн. АҚШ долл. қысқарған (Қазақстанның АҚШ-пен сыртқы сауда айналымы 2016 жылы 1,9 млрд. АҚШ долл. құрады).

Қазақстаннан АҚШ-қа тауар экспорттау 2017 жылы 392 млн. АҚШ долл. құрады, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 36%-ға немесе 221 млн.АҚШ долл. қысқарған (Қазақстаннан АҚШ-қа тауар экспорттау 2016 жылы 613 млн. АҚШ долл. құрады). Бұлардың ішінде 2017 жылғы статистика деректері бойынша, АҚШ БПЖ жүйесіне кіретін 500 мың АҚШ долл. асатын көлемдегі тауарлардың экспорты, 147,9 млн.АҚШ долл. құрады (ҚР-ның АҚШ-қа экспортының жалпы көлемінің 37,7-ы).

  • 2017 жылы Қазақстаннан АҚШ-қа негізгі экспортталған тауарлар мыналар:
  • ферроқорытпалар (7202) – 183,3 млн. АҚШ долл.;
  • уран және оның қоспасы (2844) – 77 млн. АҚШ долл.;
  • тантал және одан жасалатын бұйымдар (8103) – 25,5 млн. АҚШ долл.;
  • өңделмеген қорғасын (7801) – 16,9 млн. АҚШ долл.

Жоғарыда көрсетілген тауарлардың ішінде БПЖ жүйесіне тек 6,5%-ды құрайтын тантал мен одан жасалатын бұйымдар және 4,3%-ды құрайтын өңделмеген қорғасын ғана кіреді (ҚР-ның АҚШ-қа барлық экспортының жалпы көлемінің 10,8%-ы).

Қазақстаннан АҚШ-қа жасалатын негізгі экспортты АҚШ БПЖ жүйесіне кірмейтін шикізаттық тауарлар құрайтынын атап көрсеткен жөн: АҚШ-қа ҚР жалпы экспортының 30,5%-ын құрайтын феррохром, байытылған уран – 13%, фосфор – 4,4%, күкірт – 3%, өңделмеген титан – 2,6%, өзге де титаннан жасалған құбырлар мен сынықтар – 0,2% (барлығы 53,7%).

Осылайша, АҚШ БПЖ-дан ҚР-дың шығарылуының ҚР негізгі экспорттық салаларына арналған сауда талаптарына қатысы болмайды.

Өз кезегінде, ҚР-дан АҚШ-қа экспортталатын және бүгінде АҚШ БПЖ-ға кіретін тауарларға жалпы режим аясында 0-ден 5%-ға дейінгі төмен баж салынатынын атап көрсету қажет.