• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

Байланыс операторларынан

респонденттер

бойынша байланыс

деректерін алу қағидаларын

бекіту туралы    

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының  2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 15-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  2. мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі осы бұйрықтың көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;
  3. осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
  4. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3.   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің төрағасы                                                                Н. Айдапкелов

 

«Байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының

2017 жылғы «__»____________

№ ____ бұйрығына анықтама-негiздеме

Мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттiк органның 

 ақпараты

1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

2.

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 

2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 15-1) тармақшасына

 сәйкес

3.

Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттiк тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 

51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер шығыстарының көбеюiн немесе түсiмдердiң қысқаруын көздейме

Көздемейді

5.

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiметтер

Көздемейді

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы  туралы мәліметтер

www.stat.gov.kz орналастырылған

7.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Талап етілмейді

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Талап етілмейді

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

 

10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

 

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

 

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

 

Заң басқармасының басшысы                                                                               Б. Қабылова

 

 

                                      ЖОБА

Қазақстан Республикасы    

Ұлттық экономика министрлігі 

Статистика комитеті төрағасының

2017 жылғы ______ №_____

бұйрығымен бекітілген

 

Байланыс операторларынан респонденттер бойынша

байланыс деректерін алу қағидалары

1.     Жалпы ережелер  

1. Байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 

12-бабы 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу тәртібін айқындайды.

2.   Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Заңдарда көрсетілген мағынада пайдаланылады, сондай-ақ келесі анықтамалар қолданылады:

мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органың ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органың ведомствосы) – мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік орган;

абоненттік нөмір – басқа абоненттік құрылғыларымен қосылу кезінде жергілікті телекоммуникация желісіне қосылған абоненттік құрылғы сәйкестендірілетін байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты жасасу кезінде респондентке  бөлінетін телефон нөмірі;

респондент бойынша байланыс деректері – байланыс операторы немесе ұялы байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт негізінде респондентке бөлінетін респонденттің абоненттік нөмірі (лері);

респондент бойынша байланыс деректерін беру – байланыс операторының немесе ұялы байланыс операторының уәкілетті органның ведомствосына қолда бар абоненттік нөмірлерді ұсынуы;

сәйкестендіру нөмірі – ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінде белгілі бір адамға қатысты мәліметтер туралы жазбаларды жүргізуге мүмкіндік беретін цифрлық символдардың тізбектілігі түрінде көрініс тапқан жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН).

2. Респонденттер бойынша байланыс деректерін алу тәртібі

3. Статистикалық тіркелімдерді өзектендіру үшін респонденттер бойынша байланыс деректерін алу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

  1. бастапқы статистикалық деректер;
  2. уәкілетті орган ведомствосының сұраныстары негізінде байланыс операторлары және ұялы байланыс операторларынан байланыс деректері.

4. Респонденттер бойынша байланыс деректерін алу тәсілін уәкілетті органның ведомствосы анықтайды.

5. Респонденттер бойынша байланыс деректері бастапқы статистикалық деректер арқылы алынған жағдайда байланыс операторларына және ұялы байланыс операторларына (бұдан әрі - Операторлар) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте N 6459 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 

2010 жылғы 9 шілдедегі N 173 бұйрығымен бекітілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларында көзделген тәртіп таралады.

6. Респонденттер бойынша байланыс деректерін сұраныстар арқылы алған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы жылына екі рет операторларға респонденттер бойынша байланыс деректерін ұсыну туралы ресми сұранысты орталықтандырылған түрде жолдайды. Респонденттердің сәйкестендіру нөмірлері (БСН немесе ЖСН) көрсетілген сұраныс 1-20 маусым, 

1-20 желтоқсан аралығындағы кезеңде құрылады.

7. Уәкілетті органның ведомствосы респонденттердің тізімін қалыптастырады және осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес бір мезгілде ресми сұраныспен бірге жылына екі рет 1-20 маусымға, 

1-20 желтоқсанға дейінгі мерзімде сыртқы дереккөздерден деректерді жүктеу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – «е-Статистика» ИАЖ) Интеграциялық компонент (бұдан әрі – ИК) сервисі арқылы xml форматында (xls, csv, dbf немесе өзге қолжетімді форматтарда) деректерді жүктейді.

8. Операторлар көрсетілген ресми сұранысты алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес респонденттер бойынша байланыс деректерінің тізімін ұсынады.

9. Операторлар респонденттер бойынша байланыс деректері бар болған жағдайда уәкілетті органың ведомствосы ұсынған 

сыртқы дереккөздерден деректерді жүктеу бойынша ИК сервисі арқылы «е-Статистика» ИАЖ-да деректерді қалыптастырады және xml форматында (xls, csv, dbf немесе өзге қолжетімді форматтарда) жүктейді.

3. Мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз ету

10. Заңға сәйкес Оперлаторлардан алынған мәліметтер статистикалық тіркелімдерді өзектендіру және тек қана статистикалық мақсаттарда (респонденттерді іздеу үшін) ғана пайдаланылады.

11.  Респонденттер бойынша байланыс деректерін алу/беру бойынша жауапты тұлғалар алынған ақпараттың тек тікелей мақсаты бойынша және оны ұсынған тарапқа зиян келтірмей, үшінші тарапқа беру құқығынсыз ұсынылатын ақпараттың толықтығын, дәйектілігін және уақтылығын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес респонденттер бойынша байланыс деректерін заңсыз жариялағаны үшін жауапқа тартылады.    

12. Операторлардан алынатын ақпараттың құпиялылығы Заңның 

8-бабына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидасына

1-қосымша

Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің (респонденттер) сәйкестендіру нөмірлерінің тізімі

(«е-Статистика» ИАЖ-дан берілетін мәліметтер)

№ р/с

БСН

ЖСН

1

 

 

2

 

 

3

 

 

Байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидасына

2-қосымша

Респонденттер бойынша сұралатын байланыс деректерінің тізімі

(Оператор тарапынан берілетін мәліметтер)

№ р/с

БСН*

 

ЖСН**

 

Абоненттік нөмірі***1

Оператор атауы****

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

Сәйкестендіруші - №, типі (өлшемі) - мәтіндік (10), форматы - цифрлар 0,…,9;

*- Ағылшын тіліндегі атрибут – BIN, типі (өлшемі) - мәтіндік (16), форматы - цифрлар 0,…,9;

**- Ағылшын тіліндегі атрибут – IIN, типі (өлшемі) - мәтіндік (16), форматы - цифрлар 0,…,9;

***- Ағылшын тіліндегі атрибут – PHONE, типі (өлшемі) - мәтіндік (100), форматы - 8 (7172) ХХ-ХХ-ХХ; 8 (777) ХХХ-ХХ-ХХ;

****- Ағылшын тіліндегі атрибут – NAME, типі (өлшемі) - мәтіндік (20), форматы - мәтіндік (20).

_______________________

[1] Ескертпе:

- стационарлық номерлер бойынша қала, аудан немесе елдімекен кодын көрсетумен

(мысалы: 8 (7172) ХХ-ХХ-ХХ);

- ұялы номерлер бойынша оператор кодын көрсетумен (мысалы: 8 (777) ХХХ-ХХ-ХХ).