• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10103 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Базалық нысаналы индикаторлардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізім):

реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

31

Аналар өлім-жітімін төмендету

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы  жағдайлардың саны

мамыр (жылдық)

ҚР ДСМ ведомстволық есептілігі

        »;

реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

34

15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы,

0,2-0,6% шегінде

%

ақпан (жылдық)

ҚР ДСМ ведомстволық есептілігі

       »;

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

35

Жұмыссыздық деңгейі

%

наурыз (жылдық)

ресми статистикалық деректер

36

Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі

%

қаңтар (жылдық)

ҚР Еңбекминінің ведомстволық есептілігі

37

Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

қаңтар (жылдық)

ҚР  Еңбекминінің  ведомстволық есептілігі

38

Өндірістік жарақат деңгейі

(1000 адамға жазатайым оқиғалардың жиілік коэффиценті)

-

қаңтар (жылдық)

ҚР Еңбекминінің  ведомстволық есептілігі

39

Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша)

%

қаңтар (жылдық)

ҚР  Еңбекминінің ведомстволық есептілігі

40

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке қабілетті адамдардың үлесі

%

ақпан (жылдық)

ҚР  Еңбекминінің ведомстволық есептілігі

41

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде)

%

ақпан (жылдық)

ЖАО мәліметтері бойынша

ҚР Еңбекминінің есебі

42

Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі

%

ақпан (жылдық)

ЖАО мәліметтері бойынша

ҚР Еңбекминінің есебі

   »;

«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген грифі бар, мынадай мазмұндағы реттік саны 56-1-жолмен толықтырылсын;

реттік нөмірі 62-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

62

Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санынан  мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі

%

ақпан (жылдық)

ЖАО мәліметтері бойынша

ҚР Еңбекминінің есебі

   »;

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

65

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету

%

ақпан (жылдық)

ҚР ИДМ ведомстволық есептілігі

66

Қалаларда орталықтандырылған:

%

ақпан (жылдық)

ҚР ИДМ ведомстволық есептілігі

66.1

сумен жабдықтауға

66.2

су бұрумен жабдықтауға  қолжетімділік

67

Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған:**

%

ақпан (жылдық)

ҚР ИДМ ведомстволық есептілігі

67.1

сумен жабдықтауға

67.2

су бұруға қолжетімділік

68

Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі:

%

ақпан (жылдық)

ҚР ИДМ ведомстволық есептілігі

68.1

жылумен жабдықтау

68.2

газбен жабдықтау

68.3

электрмен жабдықтау

   »;

«Бағыты: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлім алып тасталсын;

аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:

«ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚР БП ҚСАЕАК – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті

ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР ДІАҚМ – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

ҚР Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

ҚР Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ҚР МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

ҚР ІІМ – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi

ҚР ЭМ– Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

ҚР ИИДМБ – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

АДБ – Аумақтарды дамыту бағдарламасы».

2.       Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және бағалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға және «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілетін Тізімнің 1-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                            Т. Сүлейменов

Результат подписания

07.08.2017 17:43:51 Абдикаримов А. А.. Подписано