• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Бір айда-бір кітап» конкурсы

2019 жылғы 26 маусымда Министрліктің Ішкі әкімшілендіру департаменті «Бір айда-бір кітап» конкурсы шеңберінде  дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқылған кітаптарды талқылау және пікір алмасу. Дөңгелек үстел басында құрылымдық бөлімшелердің барлығының дерлік өкілдері жиналып, оқыған кітаптары туралы өз ойларын ортаға салды. Қатысушылардың кітап оқуға қызығушылығының артқаны байқалды.

Осы кезеңде оқуға электронды түрде 6 кітап жіберілді. Біздің мақсатымыз кітап оқуға қызметкерлердің басым көпшілігін тарту болып табылады. Осыған байланысты конкурсқа қатысуға ниет білдірушілердің  өткен  кезеңде ұсынылған кітаптарды оқып шығып, бұдан әрі басқа қатысушылармен бірге жалғастыру мүмкіндігі бар.

Конкурс жалғасуда. Қорытындысы жыл соңына қарай жасалады. Жеңіпаздар көтермеленетін болады.