• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Дүниежүзілік Банктің Жыл сайынғы көктемгі кездесулері шеңберінде 2018 жылғы 23-27 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі С.М.Жұманғариннің басшылығымен "Doing Business" рейтингісінің мәселелері жөніндегі қазақстандық жұмыс тобының Вашингтон қаласына сапары жоспарланған.

Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, Ұлттық банктің, «Атамекен» ҰКП және квазимемлекеттік сектордың өкілдері жұмыс тобының қатысушылары болып табылады.

Дүниежүзілік Банктің 2018 жылғы көктемгі кездесулерінің басты тақырыбы Қазақстанда бизнес климатты жақсарту бойынша реформалар және «Қазақстанда ШОК бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасын талқылау болып табылады. Негізінен, қазақстандық делегация «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ескерілген реформалар таныстырылады.

Заңмен құрылыс жобаларын кешенді ведомстводан тыс сараптау құрамында жобалардың экологиялық сараптамасы бөлігінде «бір терезе» принципін жетілдіру, экспорт кезінде тауардың шыққан жері туралы сертификатты беру тәртібін оңайлату, жолдың жүру бөлігінде жұмыстарды жүргізу кезінде жол полициясы органының хабарлама тәртібін және мерзімін реттеу, факторинг және қаржылық лизинг құралдарын оңалту және бакнроттық рәсімдеріне енгізу, сондай-ақ оңалту жоспарын мақұлдау кезінде кредиторлардың жеке дауыс беру тәртібін жетілдіру ескерілген. Кеңінен таралған кредиттік тәуекелдер сапасын арттыру мақсатында кредит қабілеттілігін бағалау бөлігінде қолдану құқығы кредиттік бюро туралы қолданыстағы заңнамаға жіне басқаға кредиттік скоринг туралы ереже енгізіледі.

Жұмыс тобының сапары барысында Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінің «Халықаралық сауда», «Құрылысқа рұқсат алу», «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу», «Салық салу», «Төлем қабілетсіздігін шешу», «Кредит алу», «Кәсіпорындар ашу», «Меншікті тіркеу», «Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету», «Миноритарлы инвесторларды қорғау» және «Еңбек нарығын реттеу» индикаторлары бойынша командалармен кездесулер өткізілген.

Жұмыс тобының сапары елдің бизнес-климатын жасқартуға, бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыруға оң ықпал ететін маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.